» » ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР-ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР-ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Жуырда аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжілісі өтті.
Әкімдік мәжілісте онда қаралған бірінші мәселе, яғни «Азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнату бағытындағы жұмыстар барысы туралы» аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік айдаров хабарлама жасап, онда ол:-Елімізде азаматтық қоғам институттарын жан-жақты жетілдіру, құқықтық, әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан құқықтық негіздер қабылданып, түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмыстары қанат жаюда. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін қоғамдық бірлестіктер құрылып, олардың жұмыстары ынталандырылып келеді.
Ата Заңымыз кепілдік беретін саяси партиялар, діни бірлестіктер, қоғамдық қозғалыстар мен үкіметтік емес ұйымдар құрылып, олар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуда. Аудан бойынша  бүгінгі күнге дейін 16 үкіметтік емес ұйым тіркеліп, жұмыс жасап келсе, ағымдағы жылы олардың қатарына аудандық әйелдер кеңесі қосылды. Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері мен мүшелері ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуда. Атап айтқанда, Елбасының бес институционалды реформасын ауданымызда жүзеге асыру мақсатында құрылған аудандық қоғамдық кеңес құрамына 5 үкіметтік емес ұйым жетекшісі мен саяси партия өкілдері, аудан әкімдігі жанынан құрылған жастар және әйелдер істері, сонымен бірге отбасылық-демографиялық саясат және діни бірлестіктермен байланыстар, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңестер, адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия және басқа да бірқатар комиссиялар мүшелігіне үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері тартылған.
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы жоғары жобаларына бөлінетін қаржы көлемі жылдан-жылға артып отырғандығын атап өтуге тиіспіз. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыруға аудандық бюджеттен 5 млн. теңге қаржы қаралып, 8 жоба бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.
Сонымен бірге, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында биылғы жылы «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» кызметі бойынша жергілікті бюджеттен 3 млн. 200 мың теңге қаралып, 3 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылды. «Ұлт бірлгі-Қармақшы» қоғамдық бірлестігімен ауданымызда 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасы аясында елді мекендердің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында 16 000,0 мың теңге құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды.Сонымен бірге, қоғамдық ұйымдармен қатар «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, ЖСДП және «Ақжол» демократиялық партиясының аудандағы өкілдіктері жұмыс жасайды.
Ал, енді діни ұйымдарға келетін болсақ, аудан бойынша  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 14 мешіт, 2 діни бірлестік  әділет органдарында алғашқы және қайта тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда,-деді.
Әкімдік мәжілісте қаралған екінші мәселе бойынша «Аудан тұрғындарын ауыз сумен  және электр энергиясымен қамтамасыз  етудің жайі туралы» аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігін және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қатарбаевтың хабарламасы тындалды.
-Бүгінде аудан халқының 99,5 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.
Міне, сол ауыз сумен қамтамасыз етілген 29 елді мекендерді, оның ішінде Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе, Қармақшы ауылдық округтері тұрғындары үшін ауыз су жүйелерін «Қазсушар» филиалының Қармақшы ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі, ал Жосалы кенті, ІІІ Интернационал, Иіркөл, Дүр Оңғар, Төребай би ауылдары тұрғындарын «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Төретам кенті мен Ақай ауылы тұрғындарын ауыз сумен Байқоңыр қаласындағы «Горводоканал» мекемесі арқылы «ТөретамВодСервис» ЖШС-і қамтамасыз етсе, Диірментөбе, Қорқыт, Анакөл, Қызылтам стансалары тұрғындары таза суды «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-нің Жосалы бөлімшесіне қарасты локальды ауыз су жүйелері арқылы пайдаланып отыр. Ал, Кемесалған, Ордазы, Сарытоғай,  Шошқакөл, Бірлік елді мекендер тұрғындары шахталық құдық арқылы ауыз су пайдаланады және оларға қажеттілігіне қарай «ПЧ-60» мекемесінің тапсырысы негізінде «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-гі тасымал арқылы жеткізіліп отырылса, Таңшапағы, Смайылтамы, Шалқар, Кекірелі, Тұрғантамы және Шобанқазған елді мекендерде тұрып жатқандар оқшау скважина арқылы ауыз су тұтынуда.
Үстіміздегі жылы Жосалы кенті, Иіркөл, Дүр Оңғар, Көмекбаев, Қуаңдария, Қармақшы, Ақай, Алдашбай ахун ауылдары тұрғындарын сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында  жергілікті және республикалық бюджеттен 1,0 млрд-тан астам қаржы бөлініп, осы елді мекендерге ауыз су желісін тарту жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындақұрылысы 2016 жылы басталған «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы (4-кезек)» бүгінгі күнге 65 шақырым ауыз су желісі тартылып, 1050 үйге ауыз су кіргізілді. Қазіргі таңда жобада қарастырылмаған үйлерге ауыз су желісі  жүргізілуде. «Жосалы кентіндегі су жүйесінің және 2-ші көтерме насос стансасына жаңадан 5000 текше метрлік резервуар орнатылып, ол да  толық аяқталды. Сонымен қатар, Дүр Оңғар елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы жұмыстары бойынша 7,200 шақырым ауыз су желісі жүргізіліп, 150 тұрғын үйге ауыз су желісі тартылса, Иіркөл елді мекені бойынша 7,8 шақырым су желісі  жүргізіліп, 178 үйге ауыз су желісі кіргізілді.
Ал, енді электрэнергиямен қаматамасыз ету бойынша айтар болсақ, қазіргі таңда аудан бойынша электр жарығын пайдаланып отырғанабонент саны 11559, оның 10674-і жеке тұлға, 885-і заңды тұлға. Аудан тұрғындарына аудандық электр тарату торабы, теміржол электр тарату торабы және Төретам электр тарату торабы мекемесі қызмет көрсетеді.
Аудандық электр тарату торабы мекемесімен 2017 жылы 184,7 шақырым әуе желісі, 22 қосалқы станса және 2 дана орталықтандырылған қосалқы стансасына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы Жосалы кенті және 6 елді мекенді жарықтандыруға аудандық бюджеттен 107740,0 мың теңге бөлініп, 23,3 шақырым жарықтандырылды.    2017 жылдың 1 желтоқсан электр энергиясына берешек (коммуналдық) қарызы 31238,5 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде, электр энергиясы үшін заңды тұлғалардың қарызы 19431,1 мың теңге, тұрғындар қарызы 11807,3 мың теңге.
Енді иесіз энергетикалық нысандар жайына келер болсақ, аудан бойынша  анықталған иесіз желілер мен нысандар Жосалы кенті, Төретам кенті және Ақай ауылы бойынша құралған. Осыған байланысты Жосалы кентінің электр желілері аудандық әділет басқармасына және Төретам кенті мен  Ақай ауылдық округінің электр желілері Байқоңыр қалалық әділет басқармасына иесіз мүлік ретінде есепке алынды.-деді.
Әкімдік мәжілісінде аудан әкімі Сұлтан Мақашов сөз сөйлеп, онда көтерілген мәселелер бойынша ойын саралап, бөлім басшылары мен мамандарға тапсырмалар берді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
29 желтоқсан 2017 ж. 1 625 1

JeaCold от 20 ақпан 2019 16:05
Real isotretinoin drugs shipped ups How To Get Cialis In Canada viagra Levitra Ritarda L'Eiaculazione

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 477

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 549

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031