» » Кәсіп түбі – нәсіп

Кәсіп түбі – нәсіп

Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мем­лекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Атап айтқанда, несие алушыларға бизнес-жоспарлар әзірленіп, кәсіпкерлерге консалтингтік және басқа да көмектер көрсетілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан кәсіпкерлерінің несиеге қолжетімділігі артты.
2017 жылы қаржы ұйымдары тарапынан 330 жобаға 1093,5 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 233,5 млн. теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылды.
Бағдарламаның жобаларды ұйымдастыру және іске асыру мақсатындағы мемлекеттік гранттар беру компоненты бойынша ағымдағы жылы 2 конкурсқа аудан бойынша 54 жоба қатысып, 16 жоба 10,8 млн. теңгенің грантына қол жеткізді. Бұдан бөлек, 2017 жылдың қараша айында жеке қаражат есебінен жеке кәсіпкер Рагибова Гукчак ІІІ Интернационал ауылының тұсынан «С» санатты қызмет көрсету орталығының құрылысын аяқтап, іске қосты. Жобаның жалпы құны 350 млн. теңге. Тұрақты жұмыспен 18 адам қамтылды.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы өндіріс және қызмет көрсету саласындағы 7 жоба 30,5 млн. теңге несие алды. Ақай ауылында «МеаПрим» ЖШС-нің күріш дәнінен жасалатын тағам түрлерін өндіру» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 8 млн. теңгеге қаржыландырылып, қыркүйек айында іске қосылды. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Даму Өңірлер» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктерден 5 жоба 84,5 млн. теңгеге несиелендірілді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 133,7 млн. теңгеге 53 жоба жүзеге асырылды.
Осындай жобалардың жүзеге асырылуы аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды. 2017 жылдың 11 айында шағын және орта кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4135 болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125 пайызға артты. Олардан түскен салықтың көлемі де 274 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 112 пайызға артты.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында 2017 жылдың 11 айында 2 млрд. 281 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 100,2 пайызды құрады.
16 қаңтар 2018 ж. 2 705 1

JeaCold от 11 наурыз 2019 21:40
Valore Levitra 10 Mg Cialis Alkohol Erfahrung tadalafil cialis from india Viagra Erfahrungsberichte Nebenwirkungen Achat Kamagra Le Havre Viagra Pas Cher Au Canada

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 130

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930