» » АУДАН ӘКІМІ АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Аудан басшысының есепті кездесуі Алдашбай ахун ауылында жалғасты. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Қ.Қоңырбаев пен ауыл әкімі Фархад Шегебаевтың есебінен кейін аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы өткен жылы атқарылған жұмыстарды жүйелеп, алда атқарылар жаңа міндеттерді ортаға салды. Өткен жылы «Алдашбай ахун» ЖШС бойынша 200 га күріш, 100 га ескі жоңышқа дақылдары егілді. Сонымен бірге, жеке тұрғындар бойынша егілген 45 га бақша, картоп дақылдары ауыл және аудан халқына арзан бағамен сатылды. Есепті мерзімде жеке тұрғындар егелігінде МІҚ 842 бас, қой-ешкі 3168 бас, жылқы 258 бас, құс 671 бас тіркелді. 34 жеке кәсіпкер сауда-саттық, мал өсіру, ағаш ұстасы, жолаушылар тасымалы және шаштараз сияқты кәсіп түрлерімен айналысады. Сонымен бірге, «Нәтижелі жұмыспен қамту-жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты «Бастау- Бизнес» кәсіпкерлікке оқыту курсында 3 азамат білімін жетілдіріп, оның 2-еуі жобасын қорғап, аудандық кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Округте құрылған «Майлыөзек Даму» ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне 20 адам мүше болуға ниет білдіріп, олардың 5-еуі жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, 2 отбасы «Өрлеу» жобасына қатысып, жұмыс істеуде. Өткен жылы 1,5 шақырым канал қазылып, тазаланды және Қурайлы каналына аудандық су шаруашылығы мекемесімен бірлесе отырып тоспа салынды. Сондай ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 46,0 млн.теңгеге барлық үйдің ауласына ауыз су құбырлары кіргізіліп, есептегіш құралдары орнатылған. Сондай ақ, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Ш.Шегебаев көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе,Ә.Егізбаев көшесіне жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Өткен жылғы есепті кездесуде ауыл тұрғындары көшеге жаңадан трансформатор қойылса деген ұсыныс айтылған болатын, осы ұсынысқа байланысты аудан әкімінің қолдауымен тұрғындарды жарықпен тұрақты қамтамасыз етуде «160КВА ТП» қондырғысы қойылып, қазіргі таңда ауыл тұрғындарының электр жарығын пайдалануы жақсарды. Бұл кезге дейін ауылдың жартысында электр қуаты әлсіз болатын. Сонымен қатар мал азығын егуге жерлер дайындалмақ. Тұрғындар аудан әкімінің жұмысына ризашылық білдіріп, оң бағасын берді.
17 қаңтар 2018 ж. 2 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930