» » ҚУАҢДАРИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҚУАНЫШЫНДА ШЕК ЖОҚ

ҚУАҢДАРИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҚУАНЫШЫНДА ШЕК ЖОҚ

Олай дейтініміз өткен жылы ауылдағы апаттық жағдайдағы білім ошағының жаңадан салынып пайдалануға берілуі. Ауыл оқушылары бұған дейін АСАР әдісімен салынған апаттық мектепте оқып келген болатын. Бұл күндері ауыл өрендері 140 орындық жаңа білім ордасында білім алуда. Озық компьютерлермен жабдықталған мультимедиялық кабинеті бар мектепте сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Нәтижесінде аудандағы апаттық жағдайдағы мектептер толығымен жойылды. Сондай ақ, бұл округ бойынша да «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 34,2 млн.теңгеге барлық ауыз су желісі түгелдей жаңартылып, үй іргелік жерлеріне су құбырлары тартылып, есептегіш құралдары қойылып берілді. Қазіргі уақытта ауыз су мәселесі толықтай шешімін тауып, тұрғындарға ауыз су үзіліссіз жиырма төрт сағат бойы берілуде. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамытуға, шабындық жерлер мен жайылымдарды ұлғайтуға және балық шаруашылығын өркендетуге 2017 жылы облыстық бюджеттен 281 млн. теңге қаржы бөлініп, «Қаракөл», «Таскөл», «Қоңыраулы-Көлдей» сумен қамтамасыз ету және экологиялық жағдайын жақсарту жобасы іске асырылды. Нәтижесінде, «Қаракөл», «Таскөл», «Қоңыраулы-Көлдей» каналдары тазаланып, сағаларына екі көзді су тоспалары салынды. Сонымен қатар, жоба аясында Қуандария өзегінің Қарақ учаскесінің тұсынан 2 жерден 5 көзді су тоспасы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде, Қуаңдария, Көмекбаев ауылдық округтеріндегі мал шаруашылығын дамытуға жайылымдық жерлер ұлғайып, мал азығын дайындауға шабындық жерлер көбейе түседі. Және де балық шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізетін болады. Бұл туралы аудан басшысы Қуаңдария ауылдық округінде өткен есепті кездесуінде мәлімдеді. Сұлтан Ысқақұлы өткен жылы атқарылған жұмыстарды жүйелеп, алда атқарылар жаңа міндеттерді ортаға салды. Сондай ақ, аудан әкімі қуаңдариялықтарға бақша, көкөніс егу жұмыстарына пайдаланатын «Трактор» көлігін алып беруге жұмыс жасайтынын жеткізді. Кездесу соңында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, ауданда атқарылып жатқан игі істерге жоғары бағасын беріп, ауыл тұрғындары атынан алғысын айтты.
17 қаңтар 2018 ж. 1 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031