» » ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ МАЯТНИГІ-ӘЛЕУМЕТТІК ҰЙЫМДАР

ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ МАЯТНИГІ-ӘЛЕУМЕТТІК ҰЙЫМДАР

Жуырда аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжілісі өтті. Құлтөбедегі жиында қаралған бірінші мәселе, яғни «Азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнату бағытындағы жұмыстар барысы туралы» аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров хабарлама жасады.
-Елімізде азаматтық қоғам институттарын жан-жақты жетілдіру, құқықтық, әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан құқықтық негіздер қабылданып, түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмыстары қанат жаюда. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін қоғамдық бірлестіктер құрылып, олардың жұмыстары ынталандырылып келеді,-деді С.Айдаров.
Аудан бойынша  бүгінгі күнге дейін 16 үкіметтік емес ұйым тіркеліп, жұмыс істеп келсе, ағымдағы жылы олардың қатарына аудандық әйелдер кеңесі қосылды. Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері мен мүшелері ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуда. Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы жоғары жобаларына бөлінетін қаржы көлемі жылдан-жылға артып келеді. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыруға аудандық бюджеттен 5 млн. теңге қаржы қаралып, 8 жоба бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.
Сонымен бірге, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында биыл «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» кызметі бойынша жергілікті бюджеттен 3,2 млн. теңге қаралып, 3 жоба жүзеге асырылды. «Ұлт бірлігі-Қармақшы» қоғамдық бірлестігімен ауданымызда 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасы аясында елді мекендердің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында 16 000 мың теңге құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды. Сонымен бірге, қоғамдық ұйымдармен қатар «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, ЖСДП және «Ақжол» демократиялық партиясының аудандағы өкілдіктері жұмыс істеді.
Ал, діни ұйымдарға келетін болсақ, аудан бойынша  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 14 мешіт, 2 діни бірлестік  әділет органдарында алғашқы және қайта тіркеуден өтіп, жұмыс істеуде,-деді.
Мәжілісте қаралған екінші мәселе бойынша «Аудан тұрғындарын ауыз сумен  және электр энергиясымен қамтамасыз  етудің жайы туралы» аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігін және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қатарбаевтың хабарламасы тындалды.
-Бүгінде аудан халқының 99,5 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.
Ауыз сумен қамтамасыз етілген 29 елді мекендерді, оның ішінде Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе, Қармақшы ауылдық округтері тұрғындары үшін ауыз су жүйелерін «Қазсушар» филиалының Қармақшы ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі, ал Жосалы кенті, ІІІ Интернационал, Иіркөл, Дүр Оңғар, Төребай би ауылдары тұрғындарын «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Төретам кенті мен Ақай ауылы тұрғындарын ауыз сумен Байқоңыр қаласындағы «Горводоканал» мекемесі арқылы «ТөретамВодСервис» ЖШС-і қамтамасыз етсе, Диірментөбе, Қорқыт, Анакөл, Қызылтам стансалары тұрғындары таза суды «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-нің Жосалы бөлімшесіне қарасты локальды ауыз су жүйелері арқылы пайдаланып отыр. Ал, Кемесалған, Ордазы, Сарытоғай,  Шошқакөл, Бірлік елді мекендер шахталық құдық арқылы ауыз су пайдаланады және оларға қажеттілігіне қарай «ПЧ-60» мекемесінің тапсырысы негізінде «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-і тасымалы арқылы жеткізіп отырылса, Таңшапағы, Смайылтамы, Шалқар, Кекірелі, Тұрғантамы және Шобанқазғанда тұрып жатқандар оқшау скважина арқылы ауыз су тұтынуда,-деді Т. Қатарбаев.
Үстіміздегі жылы Жосалы кенті, Иіркөл, Дүр Оңғар, Көмекбаев, Қуаңдария, Қармақшы, Ақай, Алдашбай ахун ауылдарын сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында  жергілікті және республикалық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, осы елді мекендерге ауыз су желісін тарту жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындақұрылысы 2016 жылы басталған «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы (4-кезек)» бүгінгі күнге 65 шақырым ауыз су желісі тартылып, 1050 үйге ауыз су кіргізілді. Қазіргі таңда жобада қарастырылмаған үйлерге ауыз су желісі  жүргізілуде. «Жосалы кентіндегі су жүйесінің және 2-ші көтерме насос стансасына жаңадан 5000 текше метрлік резервуар орнатылып, ол да  толық аяқталды. Сонымен қатар, Дүр Оңғар елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы жұмыстары бойынша 7,2 шақырым ауыз су желісі жүргізіліп, 150 үйге ауыз су желісі тартылса, Иіркөл елді мекені бойынша 7,8 шақырым су желісі  жүргізіліп, 178 үйге ауыз су желісі кіргізілді.
Аудан бойынша электр жарығын пайдаланып отырған  абонент саны 11559, оның 10674-і жеке, 885-і заңды тұлға. Аудан тұрғындарына аудандық электр тарату торабы, теміржол электр тарату торабы және Төретам электр тарату торабы мекемесі қызмет көрсетеді.
Аудандық электр тарату торабы мекемесімен 2017 жылы 184,7 шақырым әуе желісі, 22 қосалқы станса және 2 дана орталықтандырылған қосалқы стансасына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы Жосалы кенті және 6 елді мекенді жарықтандыруға аудандық бюджеттен 107740 мың теңге бөлініп, 23,3 шақырымға атаулы жұмыстар жүргізілді. Аудан тұрғындарының 2017 жылдың 1 желтоқсандағы электр энергиясына берешек қарызы 31238 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде, электр энергиясы үшін заңды тұлғалардың қарызы 19431 мың теңге, тұрғындар қарызы 11807 мың теңгені құрайды.
Иесіз энергетикалық нысандар жайына келер болсақ, аудан бойыншаанықталған иесіз желілер мен нысандар Жосалы кенті, Төретам кенті және Ақай ауылында бар. Осыған байланысты Жосалы кентінің электр желілері аудандық әділет басқармасына және Төретам кенті мен  Ақай ауылдық округінің электр желілері Байқоңыр қалалық әділет басқармасына иесіз мүлік ретінде есепке алынды..
Мәжілісте аудан әкімі Сұлтан Мақашов сөз сөйлеп, онда көтерілген мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.
Жиында қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданып, оны орындау тиісті бөлім басшыларына тапсырылды.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
03 қаңтар 2018 ж. 1 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031