» » ТЫҢ ЖОСПАР СЕРПІНГЕ БАСТАЙДЫ

ТЫҢ ЖОСПАР СЕРПІНГЕ БАСТАЙДЫ

Жуырда Жосалы кентінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІІ сессиясы өтті. Аудандық мәслихат депутатыЖұмагүл Тілеуғабылованың төрағалығымен өткен сессияда «2018-2020 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы» аудандық экономика және  бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Аққозбек Байсынов хабарлама жасап, онда алдағы жылдары аудан құрамындағы кенттер мен ауылдық округтердің экономикалық дамуы жолындаатқарылар шаралардың жоспарын баяндады.
Сондай-ақ, сессияда қаралған екінші мәселе, яғни  аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлының №11 «Гагарин» сайлау округінен сайланған депутат Күлжауһар Раеваны аудандық мәслихаттың кезекті ХІХ сессиясының төрағалығына ұсынысын барлық депутаттар бірауыздан қолдады.
Сессияда аудан әкімінің орынбасары  Әділ Қошалақов көтерілген мәселелер бойынша сөз сөйлеп, депуттатар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап берді.
Сессияда қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
03 қаңтар 2018 ж. 1 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 589

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930