» » АҚЖАР АУЫЛЫНДАҒЫ БАСҚОСУ

АҚЖАР АУЫЛЫНДАҒЫ БАСҚОСУ

Ақжар ауылы әкімі аппараты ауыл тұрғындарымен, мекеме, ҮЕҰ мүшелерімен, ауыл ардагерлері және жастармен бірлесе отырып, 2017 жылдың 31 желтоқсанына төмендегіше жұмыстар атқарды.
2017 жылдың 31 желтоқсанына ауыл бойынша мал саны, нақтырақ айтқанда мүйізді ірі қара 2483 бас, қой-ешкі 5031 бас, жылқы 487 бас, түйе 3 бас, құс 2600 басқа жетті. Төрт түлікті сырғалау және оларды базалық мәліметке ендіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
2017 жылы ауыл тұрғындары тарапынан егілген егіс көлемі 113 га, картоп 49 га, көкөніс 28 га, бақша 36 га болды. Осы жылы ауыл орталығында 4 жеке тұрғын үй салынды.
Ауылшаруашылығы саласы: Ауылдық округте «Ораз ахун ЛТД» ЖШС-і бойынша 2017 жылы 94 адам жұмыс істейді. Серіктестік бойынша 927 гектарға күріш егіліп, 42788,9 цн. өнім алынды. 204 гектар жаңа жоңышқа және 133 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.
Кәсіпкерлік саласы: Ауылдық округі бойынша тіркелген кәсіпкерлер саны 90, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер саны 53. Округте жеке кәсіппен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп тұрады. Аудандық кірістер басқармасына тіркелген 1 макарон цехы, 1 шаштараз, 4 тігін цехы, 2 наубайхана істеуде.
Округ бойынша 2017 жылдың наурыз айынан бастап тіркелген кәсіпкерлер саны 18, оның 15-і мал шаруашылығымен айналысуға, 3-і сауда саласы бойынша құрылған кәсіпкерлік субьектілер. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқығандар саны 2 адам. Жыл басынан бері қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 3 адам жіберіліп, оның 2-еуі аспаз мамандығын бітіріп шықты. «Жастар тәжірибесі» бойынша 6 адам мектепке, балабақшаға және «Ораз ахун ЛТД» ЖШС-не жіберілді.
2017 жылы «Таң шапағы» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі сүт және ет өнімдерін өңдеу бағытында «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «50 ауыл» бағдарламасы шеңберінде мүйізді ірі қара малын сатып алуға кооперативтің 21 мүшесі 54,4 млн. теңге несие алды. Мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша 6 адам білімін жетілдірді. Бағдарлама бойынша 4 жоба қорғалды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аққанжар», «Тиышбай» шаруа қожалықтары өз қаражаты есебінен аналықтар мен асыл тұқымды бұқалар сатып алды.
Бұл жаңалықтардың барлығы аудан әкімінің есепті жиынында айтылды.
17 қаңтар 2018 ж. 2 561 1

JeaCold от 13 наурыз 2019 23:54
Funciona Propecia Lasix 100mg Pharmacy Online 365 Review cialis 5mg Cialis Esiste Il Generico Propecia Hjalper Inte Dosage Of Amoxicillin For Respiratory Disorder

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930