» » АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Аудан әкімінің кезекті есеп беру жиыны бүгін Ақтөбе ауылында да жалғасын тапты. Ауыл әкімі О.Мұнарбаевтың өткен жылды қорытындалаған есебіне халық қанағаттанды.
2017 жылы «Ақтөбе и К» ЖШС-і 2492 гектарға егін орналастырды. Оның ішінде, 1875 га күріш, 276 га жаңа жоңышқа, 281 га ескі жоңышқа, 60 га мақсары егілген.
Шаруашылықта 126 адам жұмыспен қамтылған.
«Ақтөбе и К» ЖШС-і түрлі іс-шараларға демеушілік жасап отырады.
Аудан және облыс бойынша күріш өндіруде жоғары көрсеткішке жеткені үшін Н.Іздібаев басқаратын «Ақтөбе и К» ЖШС «Үздік егін шаруашылығы» аталымымен марапатталды.
«Оңталап» шаруа қожалығы 2017 жылы 1145 гектарға егіс орналастырып, оның 900 гектарын күріш, 140 гектарға жаңа жоңышқа, 140 гектарға мақсары, 105 гектарға ескі жоңышқа екті. Қожалықта 96 адам тұрақты жұмыс жасайды.
«Оңталап» шаруа қожалығы түрлі іс-шараларға демеушілік жасап отырады. 2017 жылы жеке қожалықтар 35 га бақша, 45 га картоп, 27 га көкөніс, барлығы 107 га жерге егін екті. Ауыл тұрғындары қосалқы шаруашылықты дамыту үшін 2280 тонна табиғи шөп дайындады.
Ауылдық округте «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Оңталап» шаруа қожалығында барлығы 216 бас ірі қара, оның ішінде, 150 басы аналық сиыр, 6 бас асыл тұқымды бұқа алынып, 58 бас төл, 60 бас жылқы өсіруде.
2017 жылы «Достық калпе» сүт өнімдерін өңдеу бағытында ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Қазіргі уақытта коорперативтің 33 мүшесі 273 бас мүйізді ірі қара сатып алды. «Достық калпе» кооперативнің алға қойған негізгі мақсаты сүт өнімдерін шикізат түрінде емес өнімді өндеу және сату жұмыстарын жүргізу.
17 қаңтар 2018 ж. 2 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930