» » Аграрлық сала ауқымы

Аграрлық сала ауқымы

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі қаңтар-қараша айларында 9635,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайызды құрады. Дәстүрлі күріш дақылынан басқа да картоп, көкөніс, бақша және майлы дақылдарды өндірістік негізде өсіруді, сонымен қатар жүгері, арпа және мал азықтық дақылдар көлемін көбейтуді қолға алуымыз қажет. Ол өз кезегінде аудан халқын азық-түлікпен жыл бойы қамтамасыз етуге және мал шаруашылығына қажет сапалы жем-шөп қорын жасауға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында Ақтөбе ауылында «Ақтөбе и К» ЖШС құны 210 млн. теңге болатын Оңтүстік Кореялық қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Оған қосымша жоба құны 80 млн. теңге болатын сиымдылығы 10 мың тонна астық сақтайтын қойма құрылысын салып, пайдалануға берді. Күріш дақылының экспорттық әлеуетін арттыру және әртараптандыру мақсатында «Ақтөбе и К» ЖШС-і былтыр тәжірибелік негізде 70 гектар жерге күріштің ирандық «Тором Хошеми» сортын егіп, жақсы өнім алды Бұл сорт Иран мемлекетінде үлкен сұранысқа ие екендігін атап өткім келеді.
Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының Иран Ислам Республикасына іс-сапары аясында ауылшаруашылығы өнімдерін Иран мемлекетіне шығару бойынша бірнеше келісімдерге қол жеткізілді. Осының аясында аудан ирандық сортты 2018 жылы 800 гектарға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.
Мал шаруашылығында өткен 2017 жылы оң өзгерістер болды. Статистикалық есептерге сәйкес өткен жылмен салыстырғанда мал басының барлық түрінен өсім қалыптасты.
Бұған мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Нәтижелік жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары шеңберінде атқа­рылған жұмыстар септігін тигізді. 2017 жылы мал шаруашылығын қолдауға 53,9 млн.теңге субсидия бөлінді.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдар­ламасы бойынша бүгінгі күнге аудан бойынша 14 кооператив құрылып, оның алғашқы 7-нің құрамына ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 234 азамат мүше болып кіріп, «Ауылшаруашлығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 601 млн. теңге несие алып, ет, сүт бағытындағы 3206 бас мүйізді ірі қара малын сатып алды. Әрқайсысы өздерінің отбасылық бордақылау алаңдарында жұмысқа кірісіп кетті. Қазіргі таңда, 1 рефрижитор сатып алынып, оған қосымша 2 сүт қабылдау пунктіне, 1 рефрижиторға және модульді мал сою пунктіне тапсырыстар беріліп, таяу күнде қондырғылар жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Бұл әрине өз кезегінде отбасын жұмыспен қамтып, күнкөріс көзіне айналуымен қатар, олардың қоғамның толыққанды мүшесіне, яғни өзінің әлеуметтік төлемдерінен басқа, салық төлеушісі болатынына және салық базасының ұлғайюына үлестерін қосады деген үміттеміз.
16 қаңтар 2018 ж. 1 785 1

JeaCold от 12 наурыз 2019 20:02
Kamagra Helly 100mg Generic Viagra Testimonials Order Valtrex Online Uk cialis Amoxicillin 500mg Ingredients

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031