» » ЛИМОН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛМАҚ

ЛИМОН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛМАҚ

Қармақшы ауданындағы ең ірі жылыжайда лимон өсірілмек. Бұған дейін мұнда 1 мың 600 шаршы метр аумақта 3,5 мың түп қызанақ пен 1,5 мың түп қияр күтімге алыныпты. Алдағы уақытта көкөністен бөлек, цитрус өнімін өндіру жоспарланған. Кәсіпкер Бақтияр Ешмұратовпен тілдескенімізде, жылыжай шаруашылығын құру үшін мемлекет тарапынан 10 млн теңге жеңіл пайызды несие алғанын жеткізді. Алдағы уақытта ол тағы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын жылыжай салып, өнім көлемін арттырмақ ниетте.– Жылыжайда көкөніс өсіру – көп еңбекті қажет ететін процесс. Жемістің әр түрін өсірудің өзіндік құпиясын меңгеру қажет. Мұндағы топырақ органикамен тыңайтылады, ешқандай химия қолданылмайды. Қазір біз сырттан келетін көкөніс өнімдерінің орнын өз жерімізден шыққан өнімдермен алмастыруға ұмтылудамыз. Ұтымды технологияның арқасында жыл он екі ай бойы көкөніс өндіріп, тұтынушыларға ұсыну мүмкіндігі қарастырылды. Ғимараттың ішкі жылылығы мұқият ойластырылған. Цитрусты егуге ынта жоғары. Себебі, цитрус өнімдерінің шамамен 90 пайызы сырттан әкелінеді. Дүкен сөрелерінде тұрған – Өзбекстан, Марокко және Оңтүстік Африка, Қытай елдерінің лимоны. Ал олардың сапасы сын көтермейді. Қазақстанға әкелінген кезде жартылай піскен күйде келеді. Оған жолдағы түрлі фактор әсер етуі мүмкін. Өзіміздікі болса, таза, табиғи болар еді. Қазір біз лимонның бір-екі түрін егіп бастап көрдік, жерсінеді. Тек микроклиматын келтіру керек, – дейді Б.Ешмұратов.
Кәсіпкер қыстың қытымыр суығында жылыжай температурасын бірқалыпты ұстап, өнімді тоңдырып алмау үлкен еңбекті қажет ететініне де тоқталды. Агросаланы тізгіндеуші аңдамай басқан бір қадам құрдымға кетіретінін айтады. Бұл ретте тек жалғыз ғана дауа бар. Ол – таза ниет. Болашақта жылыжай иесі өнімді жер-жерге жөнелтуді ойлайды. Сондай-ақ, нысанды ашар уақытта ауданнан жылыжайда көкөніс өсіру жолын білетін маман таппағанын да жасырмайды. Соңғы жылдары агросалаға таңдау жасаған жастар қатары артқан. Дегенде, бұл бетбұрыс жаңа қарқынмен, жаңа уақыт талабымен толыса түссе деген ойын жеткізеді кәсіп иесі.
11 қаңтар 2018 ж. 1 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031