» » БИЗНЕСТІ АТА КӘСІПТЕН БАСТА

БИЗНЕСТІ АТА КӘСІПТЕН БАСТА

немесе екінші байлық – он саулық
«...Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі-елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету...». Иә, осылай деп атап көрсетті Елбасы «Қазастанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауында. Кәсібімді дөңгелетем, отбасы мүшелерін жұмыспен қамтимын дегендерге мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы саласына бірқатар мемлекеттік бағдарламалар арқылы төменгі пайызбен несие берілуде. Тек, талап пен мақсат болсын дейік.
Енді, ауданның мал шаруашылығы саласы бойынша шағын шолу жасап көрелік...
Соңғы жылдары мал шаруашы­лығын дамыту бағытында ілкімді жұмыстар атқарылған. Соның бірі – салыстырмалы түрде мал санының артқанын айтуға болады. Өткен жылдың 1 желтоқсандағы статистикалық мәліметіне сүйенсек, ауданда 24 мың 615 бас ірі қара, 29 мың 884 бас қой, 16 мың 054 бас ешкі, 8 мың 110 бас жылқы, 2 мың 973 бас түйе, 244 бас шошқа, 14 мың 965 құс өсірілуде.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде 1684,3 тонна ет сойыс салмақта өткізіліп, 5443,8 тонна сиыр сүті және 697,4 мың дана жұмыртқа алынды. Нәтижесінде, ет 105,7, сүт 100,3, жұмыртқа 100,9 пайызға артығымен орындалды.
2017 жылы «Сыбаға» бағдар­ламасымен 5 шаруа қожалық 42,1 млн. теңге несиеге қол жеткізіп, 15 адамды жұмыспен қамтыса, «Құлан» бағдарламасымен «Қор­қыт елі» несие серіктестігі арқылы Жосалы кентінен жеке кәсіпкер Төреғабыл Мырзабаев 2,9 млн. теңге несиеге 10 бас аналық, 1 бас асыл тұқымды айғыр және «Жорта» шаруа қожалығының жетекшісі Сағындық Ибраев 5 млн. теңге несиеге 7 бас асыл тұқымды айғыр, 9 бас бие, «Алмат» шаруа қожалығының жетекшісі Кендебай Каленов 6,7 млн. теңге несиеге 2 бас асыл тұқымды айғыр, 24 бас бие сатып алды.
Қуанарлық жайт, «Алтын асық» бағдарламасымен Иіркөл ауыл­дық округіндегі «Бертай» шаруа қожа­лығының жетекшісі Мейрамбек Әбді­қасов өз қаражаты есебінен 15 бас асыл тұқым­ды қошқар сатып алып, аталған бағ­дар­лама арқылы «Қорқыт елі» несие серіктестігінен несие алуға жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» қағидасына сәйкес, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға» қаңтар-желтоқсан айларында 42287,9 мың теңге субсидия төленіп отыр.
2017 жыл қорытындысымен «Жыл үздіктері» марапатталғанын білеміз. Солардың қатарында-Иіркөл ауылынан «Ертілеу» шаруа қожалығының жетекшісі Бекболат Құрманаев «Жылдың ауыл шаруашылығы саласының ең үздік қызметкері» аталымының жеңімпазы танылды. Ол бүгінде қарапайым әдіспен 2 мал бордақылау жабық алаңын салып, аянбай тер төгуде.
– Алаңда 30 бас бұқашық борда­қылануда. Қазір-сөздің емес, берекелі істің уақыты. Отбасын жанға, жайлауын төрт түлік малға толтырған ата-баба кәсібімен кез келген адам айналыса алады,-дейді кәсіпкер.
«Малым-арымның садақасы» деген елміз. Мал бағу қанда бар қасиет. Біз төрт түлікті байлыққа балаймыз. Бай болғыңыз келсе, мал табыңыз. Мал тапқыңыз келсе, мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланыңыз.
С.РАЙЫМБАЕВА.
09 қаңтар 2018 ж. 1 469 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 01:57
Viagra Alternativen Gegen Impotenz Und Erektionsstorungen cialis 5mg Zithromax And Prolonged Qt Interval Meilleur Site Achat Kamagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 133

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930