» » Теміржол арқылы астық тасымалы артты

Теміржол арқылы астық тасымалы артты

«Қазақстантеміржолы» ҰК» АҚ-да баспасөз конференциясы өткізіліп, онда Қазақстан астығын тасымалдау барысы кеңінен айтылды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы О. Құлақовтың хабарлауынша, биылғы жылы 8,9 миллион тонна астық тасымалданған. Оның 3,1 миллион тоннасы республикаішілік бағдарға тасымалданса, 5,8 миллион тоннасы экспортқа шығарылған.  Жыл ішінде 3,2 миллион тонна ұн тасымалданса, оның 0,8 миллион тоннасы ел ішінде тасымалданса, 2,4 миллион тоннасы экспортқа жіберілді.
 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің атап өткендей, биылғы жылы тиелген астық пен ұн өнімдері 13,5 миллион тоннаны құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 6,3% жоғары көрсеткіш. Астықпен есептегенде 805 мың тонна артық. Экспортқа да 547 мың тонна астық артық шығарылды. О. Құлақовтың айтуынша, биылғы жылы қазақстандық астық пен ұн өнімдерін тұтынушылардың географиялық нарық аумағы сақталды. Атап айтар болсақ, Өзбекстанға (2 млн тонна), Тәжікстанға (1 млн тонна), Ауғанстанға (2,1 млн. тонна) және Иранға (2 млн. тонн) бағдарларына жіберілді. Бұл өңірлерге астық сұранысы 364 мың тоннаға өсті. Тасымалдау қарқыны Өзбекстанға 7%, Иранға –  26%, Ауғанстанға- 6% артты. Әсіресе, қараша, желтоқсан айларында тасымалдау қарқыны жоғарылады. Иран бағдарына арпа өнімдерін жеткізу көлемі 63% (324 мың тонна), артып,бидай тасымалдау 185 мың тонна Орталық Азия нарығына бағытталды.
«Биылғы жылы Ресей мен Украинада да рекордтық астық жиналды. Бұл Қазақстанның көлік және астық нарығына да ықпал етті. Нәтижесінде, бұрын Қазақстан нарығында қызмет еткен шетелдік жеке операторлардың астық вагондары Ресейге кеттң,-дейді О. Құлақов.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысының айтуынша,  Ресеймен шекаралас өңірлерде  сатып алу бағасының арасындағы айырмашылыққа байланысты  астық Қазақстанға, одан әрі Орталық Азия елдеріне бағытталды. Эспорттық астық тасымалдауға сұраныс артқанымен оны оорталық азия елдерінің инфрақұрылымдық мүмкіндігінің шектеулігі төмендетіп отыр.
О. Құлақовтың айтуынша, Орталық Азияның инфрақұрылымлық өткізу мүмкіндігі айына 600 мың тонна астық пен 200 мың тонна ұн өнімдерін құрайды.  Бұл әсіресе, қолмен түсіріліп, тиелетін Хайратон (Ауғанстан) станциясына тәулігіне 3,5 мың тонна ұн түсіре алса, жүк жөнелтушілер тәулігіне 7 мың тоннаға дейін жібере алады.
Жүк тиеу мен түсірудің бастапқы және соңғы операциялары кезінде вагондардың ұзақ мерзімдік тұрып қалуы салдарынан вагондардың 40 пайызы айналымнан шығып қалады. Сөйтіп, «доңғалақты қоймаға» айналады. Осының салдарынан вагондарға берілген тапсырысты толық орындау мүмкін болмай отыр.
Оның сыртында Өзбекстанда бидай қорын жасақтап алып, оны өңдеп Ауғанстанға өткізу Орталық Азия көлік инфрақұрылымына қысым келтіруде.
ҚТЖ-ның экспорттық тасымалдауын қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданды:
  1. Тәулігіне 800 шақырым жылдамдықпен жүретін шаттл –пойыздар ұйымдастырылды,
  2. Өзбекстан теміржолымен қосымша Келес-Шүкір телімінде қосымша жол салу мәселесі шешілді. Сол арқылы тәулігіне 100 мың тонна (26-30 жұп пойыз) жүк өткізіліп, айына 3 миллион тоннаға жеткізілетін болды.
  3. Ақтау портында Солтүстік терминалы толық қуатында жұмыс істеп, айына 120 мың тонна тасымалдай алатын болды.
  4. «KTZ Eхpress Shipping» АҚ флотындағы төрт кеме қазақстандық астықты тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, вагондардың жетіспеушлігінің бір себебі вагон айналымының баяулауы. Оның ішінде сараптау көрсеткендей, биылғы жылғы вагон айналымының өткен жылға қарағанда он тәулікке көбейді. Біздің негізгі вагон айналымының көп уақытыжүк жөнелтуішлер мен жүк қабылдаушылар атқаратын бастапқы және соңғы операцияларды жүзеге асыруға кетеді екен.
Ауыл шаруашылығы министрлігі елдің экпорттық әлеуетін өсіру және жүк айналымын арттыру үшін Ауғанстан аумағында «А» сыныпты терминал құрылысын салу ұсынысы түсіп отыр. Бұл өз кезегінде астық өнімдерін жыл бойы қалыпты тасымалдауға мүмкіндік әпереді. Әсіресе, жазғы мезгілде тасымалдау аса маңызды.
Астық тасымалдаудың мультимодальдық кешені Ақтау портының инфрақұрылымын дамыту қажеттігі туындап отыр. Бұл қызмет түрі тасымалдау қызметіне қатысушы өндіруші, элеватор, вагон операторлары, трейдерлер, брокерлердің қызметтерін бір тізбекке шоғырландырады.
«ҚТЖ» астық пен ұн өнімдерін контейнерлік тасымалдауды дамытуды көздейді. Ағымдағы жылы 8 мың тонна астық контейнерлермен жеткізілді.  Вьетнамғға Ляньюньган порты арқылы тасымалданды. Мерсин (Түркия) бағдарына Карс-Ахалкалаки арқылы әрі ҚХР-да бағытталады. 2018 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ 5 мың тонна астықты контейнермен тасымалдауды жоспарлап отыр.
Оның сыртында компания экономикалық тиімділікке жету үшін жүк жөнелтушілердің ҚР аумағындағы көршілес елдермен шектесетін тұстарда тиеу және түсіру жұмыстарында вагон айналымын реттеу шараларын күшейтуді ұсынады.
Қосымша 2000 вагонды нарықтық 15 мың теңгеден тарту көзделіп отыр. Бұл арқылы астық паркі 11 мыңға жеткізілмек. Дегенмен, Орта Азия елдерінде вагондар «доңғалақты  қоймаларға» айналуы одан әрі жалғасатын түрі бар.
Сонымен қатар, Ауылшаруашылығы министрлігі Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен астық өнімдерін сатып алу жұмысы 2007 және 2009 жылдардағыдай жүзеге асырылмақ.
Еркін ҚАЛДАН
04 қаңтар 2018 ж. 1 783 1

JeaCold от 19 ақпан 2019 21:52
Xenical Sans Ordonance cialis online Discount Nonprescription Tadalis Sx Kamagra 100mg Einnahme Quickest Online Antibiotic Delivery

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031