» » 2018 жылы темір жол билетінің бағасы қымбаттайды

2018 жылы темір жол билетінің бағасы қымбаттайды

2018 жылы Қазақстанда бірқатар бағыттар бойынша темір жол билет тарифі өзгереді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі алдағы жылы бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттерінің бағасын жоспарлы түрде көтеру туралы хабарлады. Бұл өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен байланысты және маршруттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр. Тарифтерді түзету күтілетін инфляция шегінен асып кетпейді.
Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі деп жоспарлануда. Ал, 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.
Бұл бірнеше тасымалдаушының конкурсқа берген өтінімдеріне байланысты жасалып отыр. Ал, тасымалдаушы осы бағыттар бойынша кірістің азайып қалу тәуекелдеріне жауапты болады.
Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты.
Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал, автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды.
Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% -ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады.
Осылайша, алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
29 желтоқсан 2017 ж. 1 858 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 07:35
On sale discount isotretinoin tablets online visa accepted propecia hk Amoxicillin Chocolate

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 341
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930