» » ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНДА ӨРКЕНДІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНДА ӨРКЕНДІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ


Аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуі Тұрмағамбет ауылында жалғасты. Кездесуге ауыл тұрғындары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, және облыс әкімдігімен бекітілген кестеге сәйкес облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының Т.Дүйсебаев қатысты Ауыл әкімі Е.Бисембаевтың есебінен кейін Сұлтан Ысқақұлы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды түгел қамтыды. Өткен жылда атқарылған және 2018 жылға жоспарланған жұмыстар мен қолға алынатын жобалар туралы, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, әлеуметтік, білім, мәдениет салалары бойынша баяндап берді. Ауылдық округте орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, «Казпочта» бөлімшелері орналасқан. Жаңадан салынған клуб үйі, балалар бақшасы сондай ақ, учаскелік полиция инспекторы және ветеринар маман ауыл тұрғындарына қызмет етуде. 2017 жылы Тұрмағамбет ЖШС-і 2700 га жерге күріш, 579 га мақсары, 4 га бақша, 1 га көкөніс, 15 га картоп, 498 га жаңа жоңышқа, 895 ескі жоңышқа дақылдарын екті. Жеке қожалықтарда МІҚ 2487 бас, қой-ешкі 5634 бас, жылқы 400 бас, 2100 құс бар. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» курсын оқып сертификатын алған 6 азаматтың төртеуі 11,4 млн. теңге шағын несие алып, мал санын көбейту мақсатында жұмыс істеуде. Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІІ бағыты бойынша ауылдық округте 14 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылып, 9 жас маман дипломнан кейінгі жастар тәжірибесінен өткізілді. 1 жұмыссыз азамат «Бизнес-кеңесші» курсын оқыды. Қысқа мерзімді, яғни аспазшы, техник-бағдарламашы, тігінші мамандықтары бойынша 5 адам кәсіби білімдерін жетілдірді. Мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан» бағдарламасы аясында «НұрБерЕр», «НұрАйбол», шаруа қожалықтары мал басын асылдандыруда жоғары көрсеткіштерге жетуде. Сонымен қатар, «ЕР-Даулет» атты ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, кепілдікке қойылатын жылжымайтын мүліктерінің құжаттарын заңдастырып, қаржысын күтуде. Мақсаты: сүт өнімдерін өндіру. Кездесу соңында аудан басшысы ауыл әкіміне алдағы уақытта да жоспарлы жұмыстарды жүйелі жалғастырып, Елбасы жүктеген міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды
18 қаңтар 2018 ж. 1 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 167

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 294

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930