» » БАЛҚЫ БАЗАР КӨШЕСІ

БАЛҚЫ БАЗАР КӨШЕСІ

Аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың Жослаы кенті мен барлық елді мекендегі көше және әлеуметтік нысандар атауын заман талабына сай өзгерту мақсатында 1992 жылдың 5-наурызындағы №14 шешімімен Железнодарожная көшесі Сыр сүлейі Балқы Базар жырау атына берілді.
Сыр шайырлары арасында шоқтығы биік тұлға атанған Балқы Базар Оңдасұлы жырау көшесінде «Қармақшы» селолық тұтыну кооперативі, аудандық спорт клуб пен КСРО батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей, сондай-ақ №15 олимпииадалық резевтің мамандардырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Әділ-Ас» сауда орталығы мен «Елес» кафесі, сонымен қатар «Жастар» саябағы түрлі мақсатта тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Халық ауызында Балқы Базар жырау атанып кеткен Кіші жүздің Шөмекей аталығының Балқы руынан шыққан Базар Оңдасұлы 1842 жылы Қызылқұмдағы Қарақ тауы маңында дүниеге келген.
Бала жасынан ән-жырға әуес болып өскен Базар нағашысы Өтеміс пен Тәспен бидің тәрбиесінде болады. Таспен бидің үйіне келген ақын-жыраулардың жырын тыңдап, жыр-термеге машықтанған оны ел-жұрт «бала жырау» деп атайды.
Жас жырау Қарақалпақ пен Ырғызды, Сыр бойын, сонымен қатар Арқаны аралап, халықты жыр жампоздары Шернияз, Ешнияз, Будабай сынды жезтаңдай жыраулардың жырларымен, Арқа және Сыр ақындарының шығармаларымен сусындатады.
Балқы Базар өзінің шығармашылығында елді имандылыққа шақырып, бір-біріне деген сүйіспеншілікті арттыруға, туған жерді аялауға, діни сауаттылыққа насихаттайды. Кедей мен бай арасындағы қарама-қайшылықты, үстем тап өкілдерінің озбырлығын әшкерелейді. Ммахаббат, табиғат пен туған жер және басқа да тақырыптарда жазған терме-толғауларын халық ықыласпен тыңдаған.
Сәкен Сейфуллин Базар жырауды Бұқар жыраудан кейінгі ірі жырау деп жоғары баға берген. Сонымен бірге, зерттеуші ғалымдар Ә. Диваев пен Ә.Мағұлан және жерлестеріміз Ә.Қайнарбаев пен М. Байділдаевтар да Базар жыраудың өнегелі өміріне зерттеу жүргізген.
Сыр сүлейлері Ешнияз сал, Қарасақал Ерімбет, Дүр Оңғар мен Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары мен Тұрмағамбеттер жыр жампозы Балқы Базар Оңдасұлын ұстаз еткен.
Жыр дүлдүлі Базар жырау «Айман-Шолпан», «Жүсіп пен Ахмет», сондай-ақ «Мақпал мен Сегіз», «Әмина қыз», «Айна-тарақ» атты қисса-дастандарын жырсүйер қауым жылы қабылдаған. Сонымен қатар, 1965 және1984 жылы қазақ ақын-жыраулардың өмірі жайлы жарыққа шыққан «Үш ғасыр жырлайды», сондай-ақ «Бес ғасыр жырлайды» атты кітапқа жыраудың бірнеше шығармасы енді.
Жыраулық өнерімен елге танылған Балқы Базар Оңдасұлы төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Ұрпақтары арасында жыраулық бақыты қонған Әмзебек пен Балзада есімді ұлдары енді шарықтап келе жатқанда қыршын кетті.
Базар жырау 1911 жылы 69 жасында дүниеден озды. Оның денесі Қарақалпастандағы Тамдыбұлақ ауданынына қарасты Жалпақтау ауылы жанындағы қорымға қойылды.
Жыраудың есімін ел есінде сақтауда Жалпақтау ауылындағы орта мектепке есімі, Тамдыбұлақ пен Қызылорда қаласы мен Жосалы кенті орталықтарынан көше атауы берілді.
11 тамыз 2018 ж. 2 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031