» » » НҰРЛЫБЕК АЙСАУЫТОВ КӨШЕСІ

НҰРЛЫБЕК АЙСАУЫТОВ КӨШЕСІ

Аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың Жосалы кенті мен ауданның барлық елді мекендеріндегі әлеуметтік нысандар, сондай-ақ көше атауларын заман талабына сай өзгерту мақсатындағы 1993 жылғы 11-ақпандағы №7 шешімімен Школьная көшесі ауған елінде интернационалдық парызын өтеу кезінде қаза болған жерлесіміз Нұрлыбек Айсауытовтың атымен аталды.
Басы І.Мүсірбаев көшесінен бастау алып, аяғы Тайшық би, М.Әуезов көшелерімен шектесетін Н.Айсауытов көшесі бойында «Жібек жолы», «Жандос», «Ақ бидай» сынды ірі сауда орталықтары мен автокөлік жөндейтін шеберхана және бірнеше шағын сауда-саттық дүкені тұрғындарға түрлі кәсіпкерлік қызмет көрсетеді.
Ал, енді интернационалист-жауынгер Нұрлыбек Айсауытов кім? Осы сұраққа тоқталсақ.
Нұрлыбек Айсауытов – 1960 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген.
Ата-анасының отбасылық жағдайымен Дүр Оңғар ауылына қоныс аударған соң, сол ауылдағы №107 орта мектепте білім алған. 8 сыныпты тәмамдағаннан кейін ол аудан орталығындағы №149 селолық кәсіптік-техникалық училищесінде арнаулы білім алып шығады.
Ал, 1979 жылдың 14 сәуірінде Қармақшы аудандық әскери коммисариатынан Отан алдындағы азаматтық әскери парызын өтеуге шақырылады. Сол жылдың желтоқсанында Кеңес Одағының солақай саясатымен ауған жеріне кіргізілген әскер құрамында болады.
Бірақ, 1980 жылдың 24-сәуірінде № 39676 әскери бөлімде жауынгерлік интернационалдық парызын өтеп жүрген кезінде ауған дұшмандарына қарсы кезекті ұрыс барыста жау оғынан қаза болады.
Жауынгер-интернационалист Нұрлыбек Айсауытов қаза болғаннан кейін КСРО әскери қолбасшылығы мен ауған үкіметі басшылығының бұйрығымен «Ерлігі үшін» және «Жауынгер-интернационалистке деген Ауған халқының ризалығы» медалімен марапатталады.
Бүгінде ауған соғысының құрбаны Нұрлыбек Айсауытовтың ерлігін ел жадында сақтауда жыл сайын мектеп оқушылары арасында аудандық спорттық спартакиада өтеді.
14 тамыз 2018 ж. 2 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930