» » » ЖЫР САҢЛАҒЫН ЕСКЕ АЛДЫ

ЖЫР САҢЛАҒЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Талай дарын иесіне қанат бітірген киелі Тұрмағамбет Ізтілеуов атындағы ауылды қазақ жұртшылығы «Сүлейлер Отаны» деп бекерге айтпаса керек.
Қазақтың қара домбырасына тіл бітірген жыр дүлдүлдері Ешнияз сал, Балқы Базар, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары мен даңғайыр ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов, Әбзәли Егізбаевтар жырымен халықты сусындатқаны белгілі.
Жақында Дауылкөл ауылдық округінде жыраулық өнердің саңлағы Сүйінбай Ақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған "Жыр саңлағы - Сүйінбай" атты облыстық жыраулар фестивалі өтті.
Шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы Меңлібаев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебізін жеткізді.
Сонымен бірге Сүйінбай Ақбаевтың көзін көрген жырау Жұмабек Аққұлов, ұрпағы Тәсілім Қожатаев естеліктер айтты.
Фестивальге айдынды Арал мен қарт Қаратауға дейінгі жерден елге танымал жыршы-жыраулар жиналды. Олар жақсы сөзге шөлдеген көрерменнің құлақ құрышын қандырып, жұршылыққа рухани қуат сыйлады.
Күллі тәлім-тәрбие, Отансүйгіштік қасиет, өсиет-өнеге, ұлағат, адамгершілік атаулы осы бабалардың асыл мұрасынан бастау алатыны ақиқат.
Рухани жаңғыруға бет бұрған тұста мұндай тағылымды шаралар жастар мен өскелең ұрпақты, жыраулық өнерді насихаттаушы өнерпаздарымыздың рухын көтеретіні анық.
«Қт» ақпарат.
08 сәуір 2019 ж. 1 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930