» » » КЕСТЕЛІ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ

КЕСТЕЛІ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ

Талай дарын иесіне қанат бітірген киелі Дауылкөл өңірін қазақ жұртшылығы «Сүлейлер Отаны» деп бекерге айтпаса керек. Қазақтың қара домбырасына тіл бітірген жыр дүлдүлдері Ешнияз сал, Балқы Базар, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары мен даңғайыр ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов, Әбзәли Егізбаев сынды сөз зергерлері халқының мұң-мұқтажын бай-манаптарға жеткізіп, ел-жұртының қамын жеп өмірден өтті. Ата салт-дәстүрін шығармалары арқылы дәріптеп, кейінгі ұрпаққа аманаттап отырған.
Міне, сондай жыр жампоздарының ісін жалғастырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген жыр күмбезінің бірі – Сүйінбай Ақбаев.
Сүйінбай бала жасынан ел-жұр­тына ақындығымен, ұста­лығы­мен, тіпті балуандығымен танылған Қожатай ақсақалдан тәлім алып, өседі. Ауыл мектебінде білім алып жүріп, келешек өміріне серік болар қазақ тілі пәніне үлкен зейін қойып өскен ол мектепті бітіргесін 1938 жылы Қызылордадағы мұғалімдерді даярлайтын 6 айлық курсты тәмам­дап, «Томарбөгет» бастауыш мек­тебінде оқытушылық қызметке орна­ласады. Бірақ, бір жылдан соң Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу­ге әскер қатарына шақырылған ол 1939 жылы КСРО мен Фин соғысына қатысады. Тіпті, бірнеше рет жарақат та алады. Содан жауынгер Ақбаев әскери дәрігерлердің шешімімен Отан қорғауға жарамсыз деп танылып, елге оралады.
Соғыстан елге жаралы оралған Сүйінбай отбасында жатып алмай, 1941 жылы Қызылорда қаласындағы педогогикалық институттың тарих бөліміне оқуға түсіп, білімін шыңдайды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша рет майданға сұранғанымен оның жарақаты алдынан шығып, аудандық комиссариат өтінішін кері қайтарады. 1941 жылы Сталин атындағы жеті жылдық мектепте шәкірт тәрбиелеуді бастаған ол бұл қызметті зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін істейді. Ұлағатты ұстаздан тәлім алған көптеген шәкірт бүгінде қоғамнан өз орнын тауып, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлесін қосып жүр.
Сүйінбай бала жасынан өміріне серік еткен домбырасымен ел-жұртқа танылған жыр жампозы. Ауылда өткен той-томалақтың сәні болған. Ол өзі туып-өскен ауылдан шыққан Ешнияз сал, Балқы Базар, Шораяқтың Омары, Шегебай, Тұрмағамбет, Жиенбай сынды жыраулардың жыр-термелерін халыққа насихаттап, өзі де шығармашылықпен айналысқан сөз зергері. Ауылдастарының айтуынша, Сүйінбай жырау 60-тан астам мақаммен жыр жырлаған. Тіпті, күйші ретінде де ұлт ардақтылары Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпейісовалардың шығармаларын елге насихаттаса, Сыр шайырларының жыр-термелерін, қисса, дастандары мен толғауларын жазып алып, ұрпаққа аманаттап кетті.
«Тектіден текті туар» деген­дей, бабасы Тасберген жырау Құлмановтың шығармашылығын өс­ке­лең ұрпаққа насихаттау мақса­тында ауыл орталығынан «Тасберген жырау» жас жыршылар мектебін ашып, ауыл балаларын жыраулық өнерге тартады. Бұл мектепте өзімен бірге жергілікті жыраулар Қуандық Бүрлібаев пен Жаппар Тұңғышбаевтар да шәкірт тәрбиелейді.
Аудан басшылығының қолдауы­мен Сүйінбай жырау­дың өнегелі ісін барлық өңірінде насихаттауда сол жылдары жыраулар үйірмелері ашылып, аталар дәстүрін жал­ғастыруға үлкен мүмкіндік туады. Тіпті, ол жыраулар мектебін ашып қоймай, ауыл мектебі жанынан жыраулар оркестрін де ұйымдастырып, бірнеше рет облыстық, респуб­лика­лық жыр байқауында лауреат атанады.
Міне, өнегелі өмірімен ел құрмет­тісі атанып, ел алдындағы елеулі ең­бегі үшін де көптеген марапаттарға ие болған, Сыр сүлейлерінің игі ісін жалғастырушы Сүйінбай Ақбаев 1999 жылы өмірден озды.

Дінислам ТОҚСАНБАЕВ,
«Жиенбай жырау» мектебінің жетекшісі.
22 ақпан 2019 ж. 1 577 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031