Жамиғы қазақ бір туған
Алаштың анасы атанған Сыр елі дегенде, әрине жыраулық өнердің туын тіккен рухани әлемімізге 100-ден астам ақын-жырау, композитор, әнші, жыршы сыйлаған өзіндік әуен бабымен сезімді оятар нәзіктігімен, ырғақтық сұлулығымен, қайталана бермейтін ерекшелігімен айқындалатын Қармақшы өңірінің орны бөлек.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген бағыттар осы Сыр сүлейлерінің жыр мұрасын халық арасында қайта жаңғырту мәселесі – басты мақсатымыз.
Аудан әкімдігінің қолдауымен, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен аты алты Алашқа мәлім, Сыр сүлейі, ақын, жырау Базар Оңдасұлы Өтемісовтің жыр мұраларын насихаттау мұратында «Жамиғы қазақ бір туған» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі санитарлық талапты сақтай отыра ұйымдастырылып, көрермендердің көңілінен шықты. Жыр фестивалінің алғашқы құттықтау сөзін алған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жыр фестиваліне айдынды Арал мен қарт Қаратаудың аймағынан жыршы-жыраулар Базар жыраудың шығармаларын Сыр мақамдарында нақышына келтіре орындап, ел ықыласына бөленді. Барлық жыршы-жыраулар аудан әкімі Қайрат Нұртайдың арнайы дипломымен марапатталды.
Жыр фестивалі аясында Қорқыт ата музейі қызметкерлерінің ұйымдастырған көрмесі тамашаланды.
Рухани құндылығымыз – дәстүрлі жыраулық өнердің көрнекті өкілі, Сыр сүлейі Базар жырау Оңдасұлының шығармашылығын насихаттау, дәріптеумен бірге, бүгінде көзі тірі жыршы-жыраулардың, талантты айтыс ақындары мен жезтаңдай әншілердің шығармашылық кештерін өткізудің пайдасы зор болмақ. Мұндай игі іс-шаралар елдің де, жыраулық өнерді дәріптеуші өнерпаздың да рухын көтеретіні анық.
Бұл өлкенің көнеден өрілген жыр керуені ешқашан толастауға тиісті де емес.

Салтанат АЛИАКБАР,
аудандық К.Рүстембеков атындағы
Жыраулар үйінің әдіскері