» » » "Көмейден төгіл жыр жауһар" атты облыстық жыр фестивалі өтті

"Көмейден төгіл жыр жауһар" атты облыстық жыр фестивалі өтті

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен, киелі мекенде жапырағын жайып, жыр арнасында ізін қалдырған Сыр сүлейлерінің ізбасары, халық ақыны Әлиакбар Жұматайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған "КӨМЕЙДЕН ТӨГІЛ ЖАУҺАР ЖЫР" атты облыстық жыр фестивалі өтті. Жыр фестивалін Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ерсұлтанов Еркінбек Бөрібайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Фестивалге ақынның ұрпақтары арнайы қатыстырылып, қызы Несібелі Әлиакбарқызы және Қауысов Смағұл сөз сөйлеп, ақжолтай тілектерін білдірді. Фестивалде жыршы-жыраулар Берік Саймағамбетов, Аралдық жырау Айбек Тәңірбергенов, Әділхан Қуаңбаев, Айгерім Ешбаева, Алмат Азаматов, жас жыршылар Мархабатова Шұғыла, Амантай Айдана, Алиева Адиналар ақын Әлиакбар Жұматайұлының шығармаларын Сырдың мақам-саздарына салып нақышына келтіре орындады. Барлық қатысушыларға Қармақшы ауданы әкімдігінің арнайы алғыс хаттары мен сыйлықтар табыс етілді. Ақын Әлиакбар Жұматайұлының қызы Несібелі Жұматаева жыр фестиваліне қатысушы барлық жыршы-жырауларға арнайы шапан жауып, сый-құрмет көрсетіп, ризашылықтарын білдірді.
Сүлейлер мұрасы - қазақ мәдениеті тарихының алтын арқауы. Бұл - адамзат тарихының талай мыңжылдықтарынан бүгінге дейін өзіндік халықтық, ұлттық болмысын сақтаған қазақ сөзінің, әуезінің құдіретті көрсеткіші. Жыршы-жыраулар, термешілер әуезімен әдіптелген Әлиакбар ақынның терме-толғау, кисса-дастан жырлары ұлтымыздың жарқын болашақ жолындағы берік сеніміне серік қалпымен өркендей берсін деп тілейміз.
16 қазан 2020 ж. 1 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031