» » » ТАБИҒАТПЕН ЖАНЫ ҮНДЕС СУРЕТШІ

ТАБИҒАТПЕН ЖАНЫ ҮНДЕС СУРЕТШІ

Қандай өнер түрі болмасын ол адам бойын сұлулық дейтін әлемге жетелейді. Сұлулықты көре білу – ең ізгі қасиет. Өмірдің әрбір сәтінен, оның  ішінде керемет көріністерінен өзіңе керектіні таба білу мен оны өзелерге көрсету ең жақсы қасиет. Осы орайда мына тәмсіл есіме түсіп отыр. Жәндіктердің ішінен шыбын ғана тек лас нәрсені іздейді екен. Ал, тағы бір жәндік бар. Ол ара. Оның іздейтіні бәріміз білетін гүлдердің арасындағы бал көрінеді. Сол секілді біздің өмірімізде де келеңсіз жағдайлар орын алса, оған тез берілмей, оны өз игілімізге пайдаланған жөн. Мәселен, құстардың сыбдыры, ағаштардағы жапырақтардың үні, тіпті бет қарыған аязбен, ми қайнатқан ыстықтың өзі адам жанына жақсылық әкелетініне сену керек. Сонымен қатар, аспандағы жиылған ақшарбы бұлттармен, жауған жаңбырдыңда өзінің нұры мен берекесі болатынына сену қандай ғажап құбылыс десеңші.
Шығармашылық адамдардың да жаны дәл солай болып келеді. Олар кейде адам түсінбейтін жұмбақ күйге айналады. Күні бойы жақсы болып отырып, біреу бірдеңе десе, бірден көзіне жас алады. Немесе тез ренжігіш келеді. Жаны жараланғыш жандардың әдетте, көңілі аппақ қардай таза, жүрегі кең ашық болады. Айналасындағы адамдардың барлығына тек мейірім көзімен қарап, жылы жұмсақ мінезімен танылады. Егер олардың көңіл-күйі жоқ болатын болса, олар өзінінің жұбанышын сол бір өзіне медет болатын дүниеден іздейді.  Мәселен, суретшілер  шабыттарын қылқалам бояуларымен дүниеге әкелген суреттері арқылы шақыратын болса, ал әншілер өз көңіл-күйлерін ән айту арқылы сыртқа шығарады. Бұл жағымсыз энергиягны әр түрлі жолмен сыртқа шығару әдістері болып табылады. Бірақ, бұл дегеніміз – шығармашылық адамдарының бәрі көңілсіз жүреді дегенді білдірмейді. Олар тек жаңашылдықты, әр нәрседен тың тақырыптар іздеуді жаны қалап, барлық болып жатқан құбылыстардан шабыт алғысы келіп тұрады.
Сондай ізгі де парасатты жандырдың бірі, Қармақшы ауданының тумасы Қазақстан Суретшілер Одағының  мүшесі, қылқалам шебері Рахым Шегебаев. Ол 1947 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.Оның әйгілі туындылардың бірі «Әкемен сұхбат» деп аталады.  Оның шығармалары тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал, Канада, АҚШ, Португалия, Венгрияда да қойылған. Қазақстанның жеке коллекцияларында және мұражайларында бар.Реалистік мектептің жақтаушысы Рахым Шегебаевтың көптеген суреттері табиғатқа арналады.
Оның ойынша, кәдімгі адам табиғаттың әдемі сәттерін байқамайды, оны тек суретшілер салынған суреттерден, ақындар өлеңдерден, ал музыканттар әуендерден көре алады. Ол ауыл баласы болғандықтан көп уақытын ауылда өткізген және табиғатпен көбірек араласуға мүмкіндігі көп болған.
Суретшінің жанына жақын мезгілдерінің бірі көктем мезгілі. Оның осы тақырыпқа байланысты бірнеше суреттері бар: мәселен, көктемге дайындық жұмыстарының жүргізіліуі, содан кейін киіз үйді жаңа орынға орнату. Әрбір тұрғын өз киіз үйін басқа адамдарға қарағанда жақсы жасауға тырысуы- осының  бәрі оның картиналарында бейнеленген.
Сондай-ақ, оның ойынша, біздің аналарымыз бен әжелеріміз киіз үйдің безендірілуіадамдның  «рухани сұлулығын» жасайды, онда әдемі нәрселерді дамытады.  Ол өзінің кезекті бір сұхбатында: Шаңырақ ашылғанда жұлдызды аспанға қарап: Сіз ғаламның үлкен кеңістігі, адамзат әлі үйренбеген ғаламшар, планеталар, метеориттердің алдында тұрып, армандайсыз. Балалар бақылаулары маған табиғаттың әдемі әлемін зерттеуге мәжбүр етті» дейді.
Басты айта кетерлігі көктем тақырыбы суретшінің картиналарының ішінде ғана емес, оның жанынан да үлкен орын алады. Бұл барлық көктемде басталады. Барлық маусымдар «жақсы», ал көктем сайын әр жыл сайын циклге «бастау» береді. Сондықтан Наурыз мейрамының көптеген адамдары Жаңа жылды бейнелейді: әр адамның жаңа ойлары, жаңа үміттері бар. Әр жаңа көктем сайын адамның жаны оянады, тазалық жұмыстарын жүргізуге бейім болады. Сондықтан мен осы күндері шығармашылықпен айналысамын. Мен не шығармақпын? Идея өте көп. Өмір әдемі және көп жұмыс істеу керек. Мен оған талпынамын. Сондықтан,  табиғаттың тосыннан келген  көптеген керемет сәттерін мүмкіндігінше көп  өткізгім келеді» дейді суретші ағынан жарылып.
Суретшілер әлемі бөлек әлем. Тұңғиық та терең. Сырлы да көркем. Ақ түсі адамды алға жетелесе, жасыл түсі жақсылықтың жаршысы бола біледі. Бұған Рахым Шегебаевтың туындылары дәлел.
 
Айжан ТОҚШЫЛЫҚОВА.
26 желтоқсан 2017 ж. 2 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 058

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031