» » ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ АБЫЗЫ

ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ АБЫЗЫ

Бала жастан ата-анамыз Қорқыт ата жайында әңгіме, әпсаналарды санамызға сіңіріп өсірді. Осындай қасиетті жерде дүниеге келіп, дарияның шәрбат суына шомылып өскен біздер шынында да бақытты екенбіз.
Мектепте оқып жүргенде де мұғалімдеріміз Қорқыт ата кесенесіне саяхат жасатып, тарихи тұлғаның өмірдерегін әсерлі етіп айтып беретін.
Арада зулап жылдар өтті. Қазір Қорқыт ата мемориалдық кешені жаңғырған, жаңарған. Ол кездегіден анағұрлым әсемдене, әрлене түскен. 
Қазақ философиясы тарихында Қорқыт ата елдің бірлігін, халықтың татулығын ойлаған кемеңгер, түркі дүниетанымының негізін қалаушы ғұлама ойшыл ретінде көрініс табады.
Әлемдік ақыл-ой мәдениетінде ойып орын алатын абыздың үш қасиеті ерекше аталады: Ол айтулы бақсы, күйші және қобыз сарынын әуелеткен тұңғыш жырау.
Қорқыт түркілердің оғыз ұлысынан шыққан күйшілік, жыршылық өнердің атасы саналады.
Ол дүниеге келгенде алапат табиғат құбылыстары орын алған. Сұрапыл дауыл соғып, қара жерді су, аспанды бұлт басқан. Ел-жұрттың бойын қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай, оның есімін Қорқыт қойған.
Қорқыт сөзі-құтты қадам, құт әкелуші адам деген де мағынаны білдіреді.
Аңыздарға сүйенер болсақ, Қорқыт мәңгілік өмірді іздеп, желмаясымен желіп жүріп жерұйықты, бақытты қоғамды іздейді. «Өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе-адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі» деген тұжырым Қорқыттан қалған.
Ол мәңгілік өмірді-өнер деп ұғады. Сөйтіп, қобыз аспабын ойлап табады. Қорқыт қобыз ойнағанда өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған делінеді.
Қобыз атасының артында қалған ұлы мұралары-«Тарғыл тана», «Елім-ай, халқым-ай», «Қорқыт», «Желмая», «Сарын», «Қоңыр», «Башпай», «Әуіппай», тағы басқа 11 күйі бізге жеткен.    
Оның даналық сөздерінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол. «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей сапар шекпес», «Ұл ақылды қош көрмес-ата үлгісін көрмесе, қыз жарытып ас бермес-ана үлгісін көрмесе», «Құстың қонар жерін су білер, малдың бара жерін ну білер», «Дәулетті ұл-ошақтың қоры, дәулетсіз ұл-атаның соры», «Ананың хақы-Құдайдың хақы», «Тәкаппарлықты тәңірі (сүймес», «Өтірік сөз-өрге баспайды» деген нақыл сөздері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуда.
Ұлы ойшылдың жамбасы тиген жерге Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен 18 шақырым қашықтықта жатқан Қорқыт стансасы түбінде) 1980 жылы Қорқыт ата ескерткіші орнатылды. Сәулет өнерінің ерекше үлгісі есептелетін киелі мекенде Қазақстанға белгілі архитекторлар Б.Ыбыраев, С.Исатаевтыңавторлығымен дүниеге келген ескерткіштің жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішіндес түйісетін стеллалар қобыз бейнесін құрайды.
Түйісер тұсына түтіктер қойылған. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарып, кешенді тылсым күйге бөлейді.
Соңғы жылдары кешен қайтадан жаңартылып, заманауи үлгіде көрген кісі таңқаларлықтай құрлысқа айналды.
Кешен қонақтарына амфитеатр, қонақ үй, мұражай, тағы басқа нысандар қызмет көрсетеді.


Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ 
  
 
25 желтоқсан 2017 ж. 3 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031