» » СОРТӨБЕ СЫРЛАРЫ

СОРТӨБЕ СЫРЛАРЫ

Сортөбе қалашығы ортағасырлық тарихи орындардың санатына жатады. Қалашық Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен батысқа қарай 12 шақырым қашықтықта орналасқан. Яғни, Қорқыт ата кесенесіне жақын маңда. Бұл көне қалаға археолог Әзілхан Тәжекеевтің жетекшілігімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы қазба жұмыстарын жүргізді. Ескі қалашық Қорқыт ата кесенесіне дейін тура 10 шақы­рымдай жерде. 
– Бүгінде қалашық қалдығы апатты жағдайда тұр. Оның бір бөлігін Сырдария өзені шайып, қалашықтың сақталуына кері әсерін тигізуде. Сондықтан да археологиялық зерттеулердің басты мақсаты жедел түрде қазба жұмыстарын жүргізіп, маңызды материалдарды анықтап, қала жөнінде толық мағлұмат алу,- деді археолог. 
Бұл жерден түрлі құмыра сынықтары, нан жабуға арналған тандыр пештер мен мал сүйектері мен  мыстан жасалған басқа да заттар табылған.  
Аймақ көлемінде 532 тарихи-мәдени мұра мемлекет қорғауына алынған.
Оның 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген. Бұдан бөлек, соңғы жылдары облыс әкімінің тікелей ықпалымен құрылған облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен аталмыш салада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде 9 тарихи нысан ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгі­зілді. Отыздан аса ескерткіштің қорғау аймағы бел­гіленді.


26 желтоқсан 2017 ж. 3 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 404
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728