» » » ТІЛ БІЛГЕН ТІЛЕГІНЕ ЖЕТЕДІ

ТІЛ БІЛГЕН ТІЛЕГІНЕ ЖЕТЕДІ


Елбасы биылғы Жолдауында «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деген талап қойды. Сондай-ақ, талап деңгейіне сай қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде деп атап көрсетті.
Еліміздегі үш тілдік саясатты жүзеге асыру шаралары бүгінде балабақша қабырғасынан бастау алғаны белгілі. Ондағы мақсат – балаларды ерте жастан жан-жақтылыққа баулып, тілдік қорын дамыту. Таяуда «Сыр самалы» балабақшасында өткен «Көптілді бүлдіршін» атты шара осының бір көрінісі. Бүлдіршіндер бақ сынасқан шараны балабақша меңгерушісі Р.Бисенова ашып, қатысушы педагог мамандар мен ата-аналарға мемлекеттік саясаттың мазмұнын түсіндіріп, бүгінгі заман талабына сай бүлдіршіндерді талбесіктен тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
Балабақшадағы «Ақжелкен» ересектер тобы және «Болашақ», «Балдырған» ортаңғы топтарының тәрбиеленушілері арасында өткен танымдық сайыста бүлдіршіндер табиғат мезгілін, дала көрінісін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі тақпақтарымен жеткізіп, әр ұлттың әнін шырқап, биін билеп, талантты қырларынан танылды.
 Тағылымы мол танымдық шараны орыс тілі мұғалімі А.Жарменова және  ағылшын тілі мұғалімі Б.Қалжанова ұйымдастырып, өткізді.
Ғ.ҚОЗЫБЕКҚЫЗЫ
28 қаңтар 2018 ж. 1 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 206

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930