» » » БІЛІМ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ

БІЛІМ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына өзінің кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жария етті. Онда Елбасы алдымызға қойған ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қалатынын атап өтіп, жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенім білдірді.
Халық болып шешілетін 10 міндетті атап өтті.
Соның ішінде адами капитал – жаңғыру негізі екеніне тоқталып, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге оң бағасын беріп, міндет­терді айқындады. Оның ішінде – білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту; жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өнді­рістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіру; қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгертуге алып баратын өзгерістерді кезеңімен енгізуді жалғастыру; цифрлық білім беру ресурстарын дамыту...
Елбасы: «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында», – деп көрсеткен өз Жолдауында. Яғни қоғамымыздың бар саласында ел болашағы үшін қызмет ететін, ұлттың әлеуетін арттыратын, мәдениет пен идеологияны дамытатын барлық азамат мектептен тәлім-тәрбие алып шығады. Оларды оқытып, тәрбиелеп, заманауи білім беріп отырған ұстаздар қауымының жағдайын ойлауы да осында жатыр. ХХ ғасырдың басында қазақтың біртуар перзенті М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Тәрбиеден мақсұт – адамды һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу», – деп жазды. Ал ол тәрбиені беруші мұғалімдер туралы: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім... Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», – деген болатын. Ендеше Елбасының бұл Жолдауындағы мұғалімдер қауымының мәртебесін көтеруді тапсыруы – ұлт болашағы үшін алаңдауының көрінісі. Қазақ­тың тағы бір дара тұлғасы, зама­нымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» – деуі де бекер болмаса керек. Мұғалімі мәртебелі елдің ұрпағы білімді, келешегі кемел, болашағы жарқын.
Ғалымжан ҰЗАҚБАЕВ,
№274 мектеп директоры.
19 қаңтар 2018 ж. 1 771 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031