» » БУЫН АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛУДА

БУЫН АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛУДА

Халық «ауру айтып келмейді», – деп бекерге айтпайды. Аурудың басым көпшілігін адамдар өз сал­ғырт­тығынан, еріншектегінен, жауап­­­сызды­ғынан табады. Жас кезім­де тап­қан бел ауруы, яғни меди­­циналық терминмен айтқанда, острехондроз мені көп мазалайды. Өткен жылдың соңғы күндерінде сол ауруым қайта қозып, төсекке таңылдым. Ауырғаны соншалықты ол аяққа шапты. Тіпті, таяқ та ұстап қалдым. Біреулер «грыжа», енді біреулер тамырға суық тиген деді. Содан дәрігерге көрініп, маманның берген нұсқауымен ем алдым. Қазақы емдерді де қолдандым. Спортпен шұғылдандым. Бас-аяғы жиырма күн ішінде жүріп кеттім.


«Қасқырдың азығы жолда» дегендей, журналистке де мақала жазуда бір нәрсе сеп болатыны рас. Буын ауруына шалдыққан тек мен ғана емес, біршама адам бар екен. Олар жолыққан сайын «қалай жазылдың? Нендей ем қабылдадың? Не істеуге болады?» деген сауалдарды қояды. Бұл сауалдарға әрине, маман жауабы дайын.
– Жалпы буын ауруымен ауыратындар елімізде, оның ішінде Қармақшы өңірінде жетерлік. Мәселен, осы остеортроз, яғни мойын, бел, тізе буын ауруы. Аталмыш ауруға көбіне 50 жастан асқан ерлер мен 40-тан асқан әйелдер шалдығады. Әйелдер демекші, олар үй тірлігінде жүргенде көп бүгіліп, ауыр көтереді. Бұл кейін буын ауруына әкеледі. Қазіргі таңда, жастар арасында да осы ауруға душар болғандар кездесуде. Өйткені, олар таңның атысы, түннің батысы, тіпті азанға дейін компьютерге шұқшиып отырады. Жастар арасында әсіресе мойын буыны, бел буыны ауруына тап болғандар көп. Жоғарыда айтқандай, жалпы буын паталогиясында деформациялық остреоартроз 60-80 проценті құрайды. Адам жасының ұлғаюына байланысты аурудың көрсеткіші де көбейеді. Оның ішінде, 50 жастан асқан адамның 27 проценті 65-тен асқан адамның 97 проценті осы аурумен ауырады.
аурудың пайда болуына не себеп? Остеоартроздың негізгі белгілері шемір­шек­тің біріншілік дегенерациялық өзгеріске ұшырауы, буындағы сүйекқаптың жұқаруы, талшықтардың ыдырауы, сонымен бірге сүйек өзгерістері мен буын беттерінің конгруэнтінің бұзылуына байланысты. Ауру­ға себепші адамның салқын күндері жеңіл киініп жүруі, араққа сылқия тойып, аязда қалып қоюы, ауыр көтеруі. Аурудың екінші бір түрі – остреохондроз ауруымен ауырғандар түшкіргенде, жөтелгенде оқыс қимылдағанда қатты сезіледі. Бұл екі ауру түрлі инструментальді зерттеу, нақты айтқанда рентгенография, артроскопия, ультрасонография, компьтерлік томография, сцинтриграфиялық құрылғылар арқылы анық­талады. Буын ауырса дереу дәрігерге қаралу керек, – дейді амбулаториялық-ем­ханалық қызметі бар аудандық ем­хананың жалпы тәжірибелік дәрігері Айдос Жанәлиев.
Кім ауырғанды жақсы көреді дейсіз? Десе де, айтып келмейтін аурудан алдын ала сақтанған адам ғана сау жүреді. Сондықтан «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп дана халқымыз айтқандай, сырқаттың алдын алу өзіміздің қолымызда. Денсаулық – ұзақ өмір кепілі.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
11 ақпан 2019 ж. 2 792 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031