» » Бас ауруын емдеу туралы кеңестер

Бас ауруын емдеу туралы кеңестер

Бас ауруын емдеу туралы кеңестер
Бастың ауруының себебін қалай анықтап, қалай емдеуге болады, бас сақинасы ұстағанда қандай ем-домдар жасау керек және тағы да басқа бас ауруына қатысты сұрақтарға маман жауап береді.
Күн райының өзгеруіне байланысты басым ауырады, не істеуге болады?
Көптеген пациенттер бас ауруы мен ауа райының өзгеруін байланыстырғанымен, бұл байланысты дәлелдейтін ешқандай ғылыми зерттеулер жоқ.
Егер сіздің басыңыз жиі ауыратын болса, ең алдымен оның тұрпатын және бастың ауыруына әсер еткен факторларды анықтау керек. Мәселе ауа райында емес, ауа дұрыс айналмайтын бөлмеде қажетті физикалық қозғалыссыз бір қалыпта ұзақ қызу жұмыс істегеніңізде болуы мүмкін.
Тамақ ішу бас ауруына қалай әсер етеді?
Бастың ауыруы ағзаға қажетті сұйықтық жетіспегеннен болады және су ішсек ол қояды деген пікір бар. Бұл біршама рас пікір. Кей жағдайларда ағзаның құрғауы бас ауруын тудырады. Бас ауруы басталып келе жатқанда су ішіп жіберсеңіз, оның ауырғаны тоқтауы мүмкін.
Кейбір өнімдер де бас ауруын тудыруы мүмкін. Шараптан кейін бастың ауыратынын көп адамдар байқаған болар. Сонымен қатар, балмұздақ жеу мен суық та бас ауруына себеп бола алады.
Бастың жиі ауыруы неден болуы мүмкін?
Мысалы, демалыс күндері немесе етеккірдің басталуының алдында бас ауыруы мүмкін. Демалыста адам көп ұйықтаса да басы ауыратын кездер болады. Бас ауруын тудыратын жағдайларға назар аударып, себеп салдарын анықтаңыз.
Бас ауруы кезінде парацетамол ішуге бола ма? Немесе одан да тиімді дәрілер бар ма?
Бас қатты ауырмаған жағдайда (бас ауруымен қоса жүретін жүректің айнуынсыз, құсусыз; аса қатты батпай, бүлкілдемей ауырғанда) және бас сақинасы қатты ұстамаған кезде парацетамол көмектеседі.
Алайда, егер бұл дәрі сізге көмектеспесе, құрама дәрі-дәрмектерді қолдануға болады. Мысалы, парацетамол + стероидтік емес қабынуға қарсы дәрі + кофеині бар препараттар, сонымен қатар, бас сақинасы ұстағанда қолданылатын арнайы препарат – триптандар.
Бас ауруының қан қысымымен байланысы бар ма?
Қан қысымының көтерілуі бас ауруын тудырады деген пікір бар, алайда, шынтуайтында себеп-салдарлық байланысы тұп-тура қарама-қарсы (гипертониялық кризді санамағанда).
Бастың ауруы ағзаға түсетін стресс ретінде қан қысымының рефлекстік жоғарылауына әкеледі. Яғни, қан қысымының белгісі емес, себебі бола алады. Сондықтан, ең алдымен бас ауруды үйреншікті дәрі-дәрмекпен емдеу керек. Егер мұнымен қатар гипертониялық ауруға шалдықсаңыз, жиі гипотензивті терапия қабылдап жүріңіз.
Төмен қан қысымы мен бас ауруының байланысы да күмәнді. Алайда, статистика бойынша, бас сақинасы ұстап ауыратын адамдарға біршама гипертония тән екені анықталған (қан қысымы 110Х70 немесе 100Х60). Бұл үрей тудырарлық жағдай емес, сондықтан бас ауруын үйреншікті жолмен емдей берсеңіз болады.
Егер басыңды ұрып алғаннан кейін мидың шайқалғаны анықталмаса, бірақ бас сонда да ауыра берсе не істеу керек?
Бас сүйек-ми зақымынан кейін бастың ауыратыны қалыпты жағдай. Мұндай кезде парацетамол мен стероидті емес препараттар қолдануға болады. Алайда, егер бір минут ішінде күрілдек тәрізді ұстамалы ауру белгілері болса, жүрек айныса, құсатын болса, онда дәрігерге қаралып, бас сүйек-ми компьютерлік томографиясын жасату керек.
Бас сақинасынан мәңгілікке арылуға бола ма?
Жоқ. Ота арқылы соқырішекті емдейтіндей қылып бас сақинасын толықтай емдеп жазу мүмкін емес. Бірақ, оны емдік препараттар арқылы бақылауда ұстауға болады. Кейбір жағдайларда бас сақинасы ұстауы өздігінен тоқтауы мүмкін.
Дәрігерге қандай жағдайда қаралу керек?
Жоғарыда айтып өткеніміздей күрілдек тәрізді бас ауруы кезінде, адамды қалтыратып жіберетін және кез келген бұрын-соңды болмаған бас ауруы кезінде, неврологиялық ауытқулар туғанда (әлсіздік, тіл байланып қалу, көз көрмей қалу, сөйлей алмау) дәрігерге қаралу керек.
Сонымен қатар, бас әрең жазылатын жағдайларда, егер бас сақинасы айына екі және одан да көп рет ауыратын болса дәрігерге қаралу ұсынылады.
Бас ауруы кезінде халықтық ем-домдармен әуестенбеу керек. Кез келген бас ауруын жазатын ғажайып ем-дом, өкінішке орай, жоқ. Өйткені, бас ауруының 150-ден астам түрі бар. Сондықтан, дұрыс диагноз қою үшін және тиімді ем алу үшін бас ауруын емдейтін цефалголог дәрігерге қаралған жөн. Өз бетінше емделу қауіпті.
Бас ауруын тиімді жазу тәсілдері қандай?
Көбіне адамдар шектен тыс мөлшерде ауруды басатын дәрілер пайдаланып, дәрілік-индукциялық бас ауруын тудырып жатады. Бұл олардың жағдайын одан бетер төмендетеді. Мұндай ауруды емдеу тіпті қиынға соғады.
Сонымен қатар, ауруды басатын дәрілерді дұрыс таңдамау мен оны нұсқаулықсыз тұтыну ішкі мүшелердің бұзылуына да әкеп соғуы мүмкін. Дұрыс емді тек дәрігер ғана ұсынады. 
31 шілде 2018 ж. 1 930 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031