» » Ыстықта инфарктан қалай сақтанамыз?

Ыстықта инфарктан қалай сақтанамыз?

Ыстықта инфарктан қалай сақтанамыз?
Жаз – жүрек ауруы бар адамдарға қауіпті уақыт. Температура жоғары, ауада оттегі аз, орман өрттерінің себебінен көшеде түтін бар. Мұның барлығы ағзаға күш түсіріп, жүрекке «апат» шақыруы мүмкін. Оның тіпті, «жазғы инфаркт» деген ресми емес атауы да бар. Одан құтылу үшін не істеу керек?
1. Физикалық күш түсіруден абай болыңыз
Жазда саяжайда немесе бақшада жұмыс істеген жақсы, бірақ ол денсаулықтан маңызды емес. Сондықтан сағат 12-17 аралығында күннің астында жүрмеуге тырысыңыз. Спортпен айналысу, дүкеннен азық-түлік тасу және арам шөп жұлуды таңғы немесе кешкі уақытқа қалдырыңыз. Басыңызды төменге қаратып, ұзақ жұмыс жасамаңыз. Арасында үзіліс жасап тұру керек.
2. Көп мөлшерде су ішіңіз
Ыстық кезде күніне 6 литрге дейін тер жоғалтуға болады. Ал онымен бірге жүрек жұмысына қажетті калий мен магний қоры да кетеді. Сонымен қатар, су аз болса, қан қоюланып, ұйыған қан түзілу қаупі жоғарылайды.
3. Суық суға сүңгімеңіз
Температураның бірден төмен түсуінен кеңейген қан тамырлары лезде тарылып, инфаркқа әкелуі мүмкін.
4. Кептелісті айналып өтуге тырысыңыз
Улы газдар оттегінің жетіспеуіне әкеп, жүрек жұмысын қиындатады.
5. Тойып тамақ жемеңіз
Біз тамақ ішкенде қан ішек-қарын жолы тамырларына құйылады. Егер қан тамырларында мәселе болса, басқа мүшелер оны ала алмай қалуы мүмкін. Ал ол жүрек жұмысына кедергі келтіреді. Мұндай жағдай орын алмас үшін тамақты аз-аздан жеңіз. Қызыл ет, жануар майы және тұзды азайтып, жеміс-жидектер мен көкөністер үлесін көбейтіңіз.
6. Алкоголь ішпеңіз
Спирт қан тамырларды кеңейтіп, жүрек-қан тамырлы жүйеге күш түсіреді. Ол ыстықпен бірге ағзаға екі есе соққы береді.
7. Инфаркт белгілерін есте сақтаңыз
Егер мына тізімнен біреуін сезсеңіз, бірден жедел жәрдем шақырыңыз:
- бас ауруы;
- талу;
- бас айналу;
- көзіңіздегі еселеу;
- аяқ-қол немесе беттен жан кетіп қалуы;
- сол жақ төсіңіздегі ауру;
- жүрек тұсындағы ауыртпалық;
- қысылу;
- себепсіз қорқыныш.
13 шілде 2018 ж. 860 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031