» » Күнге күйіп қалмас үшін

Күнге күйіп қалмас үшін

Күнге күйіп қалмас үшін
Жаз келе шомылу мен күнге қыздырыну маусымы басталады. Әсіресе күнге қыздырынуға асығатын жандарды жиі кездестіреміз.
Күнге қыздырыну – жүрек қан тамырлары мен жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, зат алмасу реттеледі, асқа тәбет ашылады, т.б. Сонымен қатар ағзада Д дәрумені көбейеді. Алайда адам терісінің тез күюі және қандай дәрежеде күюі денсаулықтың зор болуына ықпал ете бермейді. Күнге біртіндеп күйген жөн.
Бірінші күні тікелей түскен күн сәулесінің астында 10-15 минуттан артық болмау керек. Ал қоңыржай климатты аймақтан келген демалушылар алғашқы күндері арнайы қалқан көлеңкесінде немесе күн сәулесінен қорғайтын қолшатырдың астында болғаны дұрыс. Жалпы күн астында күю уақыты 1-1,5 сағаттан аспауы керек.
Тамақтан соң 1 сағаттан кейін ғана күнге қыздырынуға болады. Ашқарынға, не тамақатанар алдында күнге қыздырынуға болмайды. Күн астында ұйықтауға болмайды. Жай қыздырынып жатқанның өзінде басты орамалмен көлегейлеген дұрыс. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен көздің шырышты қабығы ісінуі мүмкін. Қорғау үшін көзілдірік кию – маңызды. Сондай-ақ күнге күюден қорғайтын арнайы кремдер пайдаланған жөн.
Күнге қыздырыну тәртібін дұрыс сақтамаудан дененің күнге күйіп кетуі, ағзаның шектен тыс қызуы мен оған күн өтуі мүмкін. Тері күюінің белгілері – алғашқыда күн түскен жерлер қызарып, ісінеді, кейде қалтыратып, тоңдырады, дене ыстығы көтеріліп, бас ауырады, жүрек айниды. Дененің ісінген және күйіп қалған жерлеріне арнайы крем жағу керек немесе ауырғанын бәсеңдету үшін суық суға малынған шүберек басуға, күйген тұстарын ашыған сүт немесе иіссумен сүртуге болады. Дененің қызарғаны кетпейінше қайта қыздырынуға болмайды.
Күнге күю салдарынан тері күлдіресе дереу дәрігерге көрінген дұрыс. Ыстық ұру мен күн өту белгілері байқалып, жағдайы нашарласа, дәрігер шақыру керек. Ал оған дейін науқасты көлеңкеге не салқын бөлмеге жатқызып, үстіндегі тар киімін шешу керек. Басына, шүйдесіне, қолтығына мұз салынған немесе салқын су құйылған бөтелке басуға болады. Тыныс алуын жақсарту үшін салқын суға малынған сүлгімен жан-жағынан желпу керек.
Күнге күю адамдардың барлығына пайдалы емес. Жасы келген адамдарға, 2 жасқа дейінгі балаларға, созылмалы жүрек ауруы барларға, жүйке қантамырлары ауруларынан зардап шегетіндерге күн көзінде ұзақ жүруге болмайды.
20 мамыр 2018 ж. 1 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031