» » Магнитті күні көбірек су ішіңіз

Магнитті күні көбірек су ішіңіз

Магнитті күні көбірек су ішіңіз
Өзге жыл мезгілдеріне қарағанда көктемде магнит өрісінің әсерін адамдар тез сезінеді.  Дені сау адамдарда да мұндай күндер түрлі деңгейде өтеді. Бір адамдар магнит өрісінің ауытқығанын сезбей, табиғи өзгеріске тез бейімделіп кетсе, екіншілері бұл кезеңде шаршаңқы, ашушаң болады. Алайда жер бетіндегі тұрғындардың жартысынан көбі магнит өрісінің ауытқып, толқығанын сезеді. Олардың ішіндегі 10%-ы жастар екен.
Магнит өрісі ауытқыған кезде адам ағзасындағы жүрек-қан тамыр жүйелерінің жұмысы нашарлайды. Сол себепті бұрыннан жүрек-қан тамыр жүйесінде ақауы бар адамдар өз денсаулықтарына аса ұқыптылықпен қарағаны жөн. Сонымен қатар, мұндай күндері қан қоюлануға бейімделіп, газ алмасу төмендеп, қан қысымы көтеріледі.
Магнит өрісінің ауытқу кезеңінде ішкі антиоксидант және стресті жағдайлардың тұрақтылығына жауап беретін табиғи күшті меланин жасайтын гормон төмендейді. Демек ағзадағы күйзелістің тұрақтылығы төмендейді.
Психикасы және вегетативтік жүйесі тұрақсыз адамдарда магнит өрісінің ауытқитын күндері басы айналып, жүйкесі сыр береді.
Күз және көктем айларында магнит өрісінің ауытқып, толқуы айына бірнеше рет болады. Жыл мезгілінің бұл айларында адам ағзасындағы барлық ауру қозатындықтан, магнит өрісінің ауытқуы қосылып денсаулыққа бұрынғыдан да кері әсерін тигізеді. Мұның барлығы егер магнит өрісінің толқып, ауытқу кезінде күн шығып тұрса оңай және тез өтеді. Ал күн бұлтты болса, эндорфин саны азайып және күйзеліс жағдайы ушығуға түседі.
Магнит өрісінің ауытқып, толқыған күндері дені сау адамдар күтінудің тәртібін біле жүргені артық болмайды. Ең бастысы, мұндай күндерде физикалық күшті азайтып, психосезімталдық жағдайды жақсартатын препараттар қабылдап, көп мөлшерде көк шай ішу керек. Себебі көк шай табиғи антиоксидант мөлшерін арттырады. Сонымен қатар мұндай күнге икемделсе, ағза өзі көңіл-күйді көтеретін гормондарды реттеп, жүрек-қан тамыр жүйесін жақсартады.
Көктем мезгілінде суды шамамен 2 литрдей ішкен жөн. Сонда қанның тұрақтылығы төмендеп, қан-тамыр жұмысын жақсартады. Сонымен қатар кофе мен қара шайды көп тұтынбаған абзал. Жүйкені тыныштандыратын дәрмектерді назардан тыс қалдырмай, созылмалы жүрек ауруымен ауыратын науқастар иін маңындағы күшті азайту керек. Ал қозғалыс күшін көбейтіп, жаймен жүгіру – жүрек-қан тамыр жүйесіне өте жақсы жаттығу болады.
01 наурыз 2018 ж. 1 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031