Сәуірдегі сәтті күндерді біле жүріңіз
Астролог мамандардың пайымдауынша, 2, 5, 6 сәуір мен 9-16, 20-22, 25-28 сәуір аралығында геофизикалық белсенділік артады. Ол циклон, дауыл сияқты табиғи құбылыстар мүмкіндігін арттырмақ.
5 сәуірде Ай мен Плутон әсері күшейеді. Бұл кезде адамдарда шаршап-шалдығу, қуат азаюы байқалады. Буын мен сүйектер ауырып, несеп-жыныс жүйесінде, теріде, тісте, құлақта қалыпсыздықтар бой көтеруі ықтимал. Жарақат алып қалудан сақтану керек. Дене шынықтырған, денсаулықты нығайтатын шаралар жасаған тиімді.
6 сәуір – Айдың ширегі. Бұл кезде атмосфералық қысым, температура жиі құбылады. Мұндайда адамда жасы үлкендермен әңгімелесуге ынтығу, жалғыздықты сезініп жабырқау, парыз бен жауапкершілік сезім тереңдеуі мүмкін. Тірек-қимыл мүшелеріндегі, тіс пен терідегі созылмалы аурулар ушығады, суықтаудан болған дерт күшейеді. Сондықтан суық тигізіп алудан, омыртқаға артық салмақ түсіруден сақтану керек.
10 сәуірде Ай мен Нептун әсерінен атмосфералық қысым мен температура қалыпсыздығы күтіледі. Жаңғалақтық, жүйкелеу, ширығу орын алады. Қан, жүйке жүйесі, аяқ, буын тамырлары, көз-құлақ аурулары бой алуы мүмкін. Күйзелістің зияны күшейеді. Аяққа, тізеге, көзге артық салмақ түсуінен, жарақат алудан сақтаныңыз.
11 сәуірде Ай мен Юпитер әсері күшті. Неврологиялық, психологиялық ауытқулар, жұқпалы ауруларға, домбығып-ісінуге, бауыр, табан ауруларына бейімдік байқалады. Сондықтан аяққа көп салмақ түсірмеу керек. Ісініп-домбығуға бейімділік болса, сұйықтықты көп ішуден тартынған дұрыс. Ұзақ уақыт бір орнында тұрған немесе жүрген адам аяғын 20 минут жоғары ұстағаны пайдалы. Табанға массаж, гимнастика жасаған жөн.
12 сәуірде Ай мен Уран әсері салдарынан атмосфералық қысым мен температура құбылады. Ашушаңдық, тітіркенгіштік, бас ауруы, ұйқының қалыпсыздығы, аяқ буындарындағы ауырсыну, күстенуден ауырсыну сезіледі. Оған жүйке жүйесінің ширығуы себеп. Құлаудан, жарақат алудан сақтану керек. Ой еңбегімен, шығармашылықпен айналысқан пайдалы.
14 сәуірде Ай жаңарады (туады). Бұл кезде ашушаңдық, ызақорлық, төзімсіздік, ұстамсыздық орын алады. Бастың, көздің, тістің, есту органдарының созылмалы дерттері ушығады, ұйқы нашарлайды. Темекіден, кофе, шоколадтан, майлы, ауыр тағамнан, ширықтыратын сусындардан абайлау керек. Көзге артық салмақ түсірмеу керек. Ұрыс-керістен, жарақат алып қалудан, оттан сақтанған абзал.
16 сәуірде Ай, Меркурий, Шолпан әсерінен мойын, тамақ, тіс, құлақ, эндокриндік және жүйке жүйелерінің аурулары қозады. Буындар ауыруы, әлсіреу, сөйлеудің қиындығы байқалуы мүмкін. Суықтау, ангина бой алуы, сапасыз тағамға реакция күшеюі ықтимал. Су процедураларын қабылдап, азықты аздап тұтыну керек. Транспортта сақтық ережелерін есте ұстау керек.
21 сәуірде атмосфералық қысым мен температура ауытқуы жиілейді. Адам ашулы болуы мүмкін. Жүрек, тамыр, арқа, тері, радикулит мазалауы ықтимал. Ұйқысыздық туындауы мүмкін. Дене шынықтырумен айналысқан, таза ауада жиірек жүрген, уақтылы тыныққан дұрыс. Ауыр салмақ көтермеу, күшті үнемдеу, ой еңбегімен ағзаны шаршатпау керек.
22 сәуірде Ай мен Марс әрекеттесуінен жүрек, бас, арқа, радикулит аурулары мазалауы, ұйқысыздық қинауы мүмкін. Ұзақ сапарға шықпаңыз, тым көп серуен құрған да артықтық етеді. Күйзелістен, ұрыс-керістен, ауыр салмақ көтеруден абайлау керек. Жүрек-қан тамырларына салмақ түсірмеу керек. Жақын адамдарға көңіл бөліңіз. Оларды мақтаңыз, қолдап-қуаттаңыз. Балаларға, шығармашылыққа уақыт бөліңіз, серуендеңіз, дене жаттығуларын жасаңыз, қыдырыңыз.
25 сәуірде Ай мен Сатурнның әрекеттесуі ширығу, өзгелермен сөзге келу, ұқыпсыздық, тым талапшыл, сыншылдық, ақшаны орынсыз жұмсау орын алуы мүмкін. Асқазанның, бүйректің, несеп-жыныс жүйесінің, бауырдың, тірек-қимыл мүшелерінің созылмалы аурулары ушығуы ықтимал. Диета сақтау, тәттіні, ащы, өткір дәмді, ауыр тамақты және ішімдік, кофені көп ішпеу керек. Сапалы тағамдарды тұтынған жөн. Жағдай нашарласа, тексерілген дұрыс. Бұл кезде жоспар жасап, жаңа іс бастау, қолдан келмес іске уәде беру де дұрыс болмайды.
28 сәуір – Ай Жер мен Меркуриймен әсерлеседі. Ұқыпсыздық, ашушаңдық, күмәншілдік, қорқыныш сезімі бой алуы мүмкін. Асқазан, несеп қабы, тік ішектің созылмалы дерттері ушығуы ықтимал. Үй шаруасымен, дене шынықтырумен, интеллектуалдық еңбекпен айналысқан пайдалы. Маңызды мәселелерді кейінге қалдыра тұрған дұрыс.
1, 3, 8, 18, 23, 30 сәуір күндері әлсіздік, қуаттың кемуі байқалуы мүмкін. Ағзаға салмақты азайтыңыз, демалысқа уақытты көбірек бөліңіз.
Пікір 1