» » Қазақстандықтар айдың ерекше құбылысын тамашалай алады

Қазақстандықтар айдың ерекше құбылысын тамашалай алады

Бүгін ерекше астрономиялық құбылыс байқалады.
Ай тұтылу кезінде перигей нүктесіне жақын болады. Айдың көрінетін диаметрі шамамен 8%-ға артады, ал жер серігі қызғылт түске боялады, деп жазады Мәскеу планетарий сайты.
31 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15:48-ден 21:11-ге дейін Айдың тұтастай тұтылуы Ресейде байқалады. Сондай-ақ, бұл құбылыс Шығыс Еуропада, Шығыс Африкада, Азияда, Аустралияда, Тынық мұхиты мен Солтүстік Америкада көрінеді. Ай орбитадағы қозғалысы кезінде Жердің оңтүстік бөлігіндегі көлеңкесіне тұспа-тұс келеді. Жердің көлеңкесі Айдың көрінетін бетін толығымен торлап, оны қызғылт түске бояйды.
Айдың ерекше құбылысын Қазақстанда да байқауға болады, деді біздің агенттікке қазақстандық астрофизик Виктор Тейфель.
«Айдың ерекше құбылысын жергілікті уақытпен сағат 20.08-ден бастап тамашалауға болады. Ол бір сағатқа, яғни 21.11-ге дейін жалғасады», – деді астрофизик.
Айдың келесі тұтылуы 2018 жылдың 27 шілдесінде болады. Табиғаттың бұл құбылысы да Ресей мен ТМД-да жақсы көрінеді.
31 қаңтар 2018 ж. 3 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930