» » » Қарағандыда Қазыбек би туралы фильмнің тұсауы кесілді

Қарағандыда Қазыбек би туралы фильмнің тұсауы кесілді

Қарағандыда «Қаз дауысты би» фильмінің тұсауы кесілді. Дала данышпаны туралы түсірілген туындының премьерасын тамашалауға жиылған жұрт залда иін тіресті.
Фильмнің қоюшы режиссері дана бидің мемлекетшіл тұлғасын, өмірі мен қайраткерлігін көрерменге қызықты етіп жеткізуге тырысқан. Сценарий авторы ел аузындағы аңыздар мен Ресей және Қытай мұрағаттарында сақталған жазба деректерді пайланыпты. Басты рольді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов сомдайды. Киноны талғампаз көрермен жылы қабылдады. Шығармашылық топ бір айдың ішінде 8 мың шақырым жол жүрген. Түсірілім Қарағанды, Павлодар, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізіліпті. Жаңа деректі фильм алдағы уақытта отандық телеарналардан көрсетіле бастайды.
Ерлан Төлеутай, өнертанушы, фильмнің режиссері:
- Деректі фильм деген ол адамсыз ғой негізі құжаттар, басқалар. Ал мен мұнда сахналық қойылымдар қойдым, актерларды ойнатып. Сонда 30 актер қатысты. 60 адам жұмыс істеді бұл фильмде. Бір жарым айдай жұмыс істеп, соны шығардық енді. «Қазақфильмнің» мықты мамандары барлығы жұмылды. Қаншама үлкен актерлар қатысты.
31 қаңтар 2018 ж. 1 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728