» » » "МҰЗБАЛАҚ" ҚАНАТ ҚАҚТЫ

"МҰЗБАЛАҚ" ҚАНАТ ҚАҚТЫ

Ерте заманда жеті қат жердің астында айдаһарға айналып келе жатқан әбжылан оянып кетіп, тұм­сығымен топырақты тесіп шы­ғып, бей­ғам ауылдардың береке­сін кетіріп, үрей туғызады. 
Ол ауылды отқа орап, қарсы келгенді жал­­мап келе жатқанда, бір қыран бүр­­кіт балапанын қорғап, онымен айқасқа түседі. Аспан қожасының тегеурініне төтеп бере алмаған әб­жы­лан ақыры жер астына қашып, ты­ғылуға мәжбүр болады. Ал қыран от­қа оранған ұядан балапанын аман алып шығып, қанат талып жететін қия­сына самғай жөнеледі. Адам жұ­тып дәніккен әбжылан күн тұ­ты­лып, өзінің айдаһарға айналар сәтін асыға күтеді...
Бұл – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жасап шығарған «Мұзбалақ» атты толықметражды көркем ани­ма­циялық фильмнің қысқаша маз­мұны. Кеше киностудия осы фильм­нің трейлерін жариялады. Бүркіт пен адамның достығын баяндайтын бұл мультфильм Мәдениет жә­не спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Фильм режиссер-аниматор – Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазының бірлескен шығармашылық еңбегінің жемісі.
Екі жылға созылған бұл фи­ль­мді жасап шығаруға кине­ма­тог­рафияның осы жанрында еңбек етіп жүрген 40-қа жуық отандық ма­ман тартылған. Ұзақтығы 65 минутқа созылатын мультфильм 2D және 3D форматында жасалған және әр секундында 24-25 кадр сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Ерғали Төлебаев, Алма Әділқызы есімді театр және кино актерлері қатысқан.
– Біз осы «Мұзбалақтан» бұрын «Тастүлек» атты қысқаметражды ани­мациялық фильмді аяқтаған едік. «Қазақфильмге» Бақыт Ғафуұлы басшы болып келді. Ол кісі анимация бөліміне келіп біздің «Тастүлек» анимациялық фильмімізді көріп, ұнатқанын, мүмкін болса, фильмді әрі қарай толықметражды етіп жасау туралы ұсынысын білдірді. Бас­шы­ның қолдауымен жаңа то­лық­метражды «Мұзбалақ» мульт­фил­ьмінің сце­нарийін жазуға кіріс­тік, жаңа кейіп­кер­лерді қостық жә­не экшн жанрында түсіреміз деп шеш­тік, – дейді Тілек Төлеуғазы.
Авторлар «Мұзбалақ» ани­­мациялық фильмі арқылы тарих қойнауына еніп, жоғалып ба­ра жат­­қан, қазақтың ғасырлар бойы қ­а­­лыптасқан саятшылық мә­де­ни­етін көрсету арқылы жас ұр­пақ­­тың санасына өзара сенім мен дос­тық ұғымын сіңіруді көздейді.
– Бес жасар бүркітті қазақ Мұз­ба­лақ дейді. Қазақ бұл тәкаппар құс­қа жас ерекшелігіне қарай ат қояды. Біз аңға шықпасақ та, бала күнімізден аңшылардың әңгімесін тыңдап өстік. Үлкендерге еріп, аң­ның қалай тұзаққа түсетінінің шет жа­ға­сын көзімізбен көрдік. Қазақ ха­л­қы қыранды қолға үйретудің шебері, бабы келіскен кезінен бастап аңға қалай салатынын дәл қазақтай меңгерген халық некен-саяқ шығар,– дейді әріптесінің ойын толықтырған Тұрдыбек Майдан.
«Қазақфильм» киностудиясы 2017 жылы екі толықметражды анимациялық фильм өндірді. Соның бірі «Мұзбалақ» болса, екіншісі режиссер Адай Әбілданың тарихи тұлға, қолбасшы Күлтегін туралы картинасы. Аталған фильмдер толыққанды аяқталған және прокаты мен тұсаукесері үстіміздегі жылдың көктеміне жоспарланған.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ


23 қаңтар 2018 ж. 2 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031