» » » Түріктермен бірлесіп кино түсіруіміз мүмкін

Түріктермен бірлесіп кино түсіруіміз мүмкін

Түрік кинематографистері Алматыда  «Түрік фильмдерінің апталығы» аясында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына келді. Кездесу барысында екі елдің кино мамандары бірлескен жобаларды түсіру мүмкіндігін талқылады. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі мәлім етті.
–    Мен сіздермен танысып, киностудияны көргеніме қуаныштымын.
Біздің ортақ мәдениетіміз, тарихымыз, ортақ сеніміміз, мақсаттарымыз бар. Қожа Ахмет Ясауи, Көроғлы, Қорқыт ата секілді ортақ тұлғаларымыз бар. Ол қазақтың не түріктің ғана емес, бүкіл түркі әлемінің тұлғасы. Олар өмірлерін жасампаздықпен өткізіп, елді бейбітшілікке, ынтымаққа шақырған. Сондай кейіпкерлеріміз барда, тарихымыз барда, бізге көп кинолар түсіру керек.   Бір жерге жиналып туындылар шығарсақ, әр мемлекет төлейтін қаржысын ортаға шығарса деген ой. Ортақ фильмдер түсіріп, бүкіл әлемге түркі әлемінің бейбіт халық екенін паш етсек, – деді танымал түрік режиссері Өнер Кылыч.
«Қазақфильмнің» қызметкерлері түркиялық қонақтар – режиссер Өнер Кылычқа, продюсер Ахмет Едебалыға, режиссер Мұстафа Угур Яғджыоғлуға және журналист Бедір Ачарға территория бойынша экскурсия жасап, өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырды. Кездесу соңында екі тарап болашақта бірлесіп түсіретін жобалардың сценарийлерімен алмасты.
Соңғы жылдары «Қазақфильм» бюджет қаржысын үнемдеу және халықаралық прокатқа шығу мақсатында шетелдік партнерлермен киноөндірісті қарқынды түрде дамытуда(барлық бірлескен жобалар ортақ қаржыландыру шарты бойынша жүзеге асады). Осы орайда, прокаты үлкен табыспен өткен Ресеймен бірлесіп түсірген «28 панфиловшы» фильмін, прокатқа енді ғана шыққан Үндістанмен бірлескен «Туған үйім – тірегім» («Love you family») фильмін және аяқталуға жақын қалған «Әміре» (Әміре Қашаубаев туралы) атты қазақ-америкалық фильмін, түсірілім кезеңінде тұрған қазақ-қытай жобасы «Композитор» (Си Синхай мен Бақытжан Байқадамовтың достығы туралы) фильмін атауға болады.
Сондай-ақ, жуырда ғана Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ресейлік «Первый канал» арнасының бас директоры Константин Эрнстпен кездесіп, екі бірдей жобаны ортақтасып жүзеге асыратыны туралы келісімге қелді. Аталмыш жобалардың бірі 1941-1945 жылдары Алматыда жұмыс істеген Бірлескен Орталық киностудия тарихын арқау етсе, екіншісі Қазақстанның жаңа астанасы – Астананың құрылуы жайында болмақ.
«Айқынның» анықтамасы:Түрік фильмдерінің апталығы биыл үшінші рет Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Ашылу салтанатында Корей соғысына қатысып, кішкентай корей қызын құтқарып қалған түрік офицері туралы баяндайтын «Айла» атты көркем фильм көрсетілді.
Еркін ҚАЛДАН
03 қаңтар 2018 ж. 1 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031