» » » АСАНХАН АСҚАН АСУЛАР

АСАНХАН АСҚАН АСУЛАР

Бүгінде өмір асуы сексеннің сеңгіріне шығып, өмірден озған ағамыз Асанхан тәжірибелі ұстаз ретінде көпке танымал болған тұлға. Оны білетін қалың қауым тәжірибелі ұстаз, білікті басшы, ел қомқоршысы, үлгілі отбасының отағасы, бір сөзбен айтқанда алыстан ойлайтын орнықты азамат ретінде жақсы біледі. Асекеңнің өмір жолы қарапайым, Ұлы Отан соғысы басталар жылдан бір жыл бұрын шаруа отбасында дүниеге келген Асекеңнің балалық шағы ойын күлкімен  өтпегені белгілі, себебі соғыс жылдарындағы ел басына түскен ауыр кезеңдердің күйбең тіршіліктер оны ерте есейтіп, қаталдық өмірге тез бейімдеп шыңдағаны да жасырын емес.
Әрбір адамның қыры мен сыры, шыңы мен адами болмысы, қадір-қасиет, қарым-қабілеті тек өзіне ғана тән болады. Әрбір пенде шешілмеген жұмбақ, ашылмаған құпия, жақсы адам жалпы жақсылық атауы күннің нұры секілді жалпыға бірдей бүкіл әлемге, адамзатқа ортақ құндылық десек Асанхан ағамыздың мінезі жайдары, ешкімді бөліп жармай, алаламай жалпыға ортақ көзқараспен қарайтын тәжірибесі мол, білгір басшы ұстаз ретінде бағалаймын. Кішіліктің де, кісіліктің де үлгісін көрсете білген ақ жүректі ұстаз елу жылға жуық жас ұрпаққа үзіліссіз тәлім-тәрбие берді. Асекеңнің тағы да бір қыры қандай да бір туысқан, жекжат, құдандалы дос-жаран, жерлес ағайындарының қуаныш-реніштерінен қалмай, қалай да уақыт тауып қатынасатындығында. Бұл өте маңызы жоғары, екінің бірінің қолынан келе бермейтін, өмірдің өзі күнде туындатып отырған шындық. Асекең мектепті басқарған жылдары мектепте білім сапасы жақсарды. Мектеп бітірген оқушылар арасынан жоғарғы оқу орнына түсушілер саны көбейді. Тәжірибелі мұғалімдер саны артып, мектепте оқытудың сапасы жақсарды. Осынау сұңғақ, орта бойлы, сабырлы да салмақты, алтын асықтай, ойы да, сөзі де ұтқыр, жинақы, жігіт жүрісті сексенге жақындаса да, әлі еңкіш тартпаған, әділеттілікке, түзулікке келгенде, туралыққа қиянат жасамайтын ағайын-туыстар мен дос-жарандарға, мейлі маңайында жүрген барша ортақ жандарға пейілі ашық, жан баласын алалап, жатырқамайтын, басшылық қызметте де дауысын көтеріп сөйлемейтін, ал жұмыс бабындағы талап қойылған сөздерін естігендер Асекеңнің талабына ренжи алмайтын. «Көңіл көңілден су ішеді» дейді халық даналығы. Өйткені, тіршілікте адам бір-бірінің ықылас-ниетіне бөленеді, көңіл шуағымен жылынады. Қазіргі жетпістің жетегіне кірген уақыттарымызда айналамнан көріп, көңілге түйгендерімді екі кітап етіп жинап, біраз жыл бұрын көпшіліктің назарына ұсындым. Осы кезеңдер уақытында өмір өрінде жақсымен де, басқамен де үзеңгілес болдым. Дос-жарандар, аға-інілер де жетеді.
Десе де, Асекең екеуміз бір ауылдың, бір мектептің, бір жоғарғы оқу орнының түлегі едік. Ауыл болғанда жүз жырау-ақындар туып, мекендеп, өмір сүрген сонау уақыттарда «Ақтайлақ кезең» аталатын Кеңес үкіметі тұсында «Ленин» кеңшары, ал қазіргі егемендік алған жылдардағы Тұрмағамбет атындағы әйгілі ауыл. Сол ауылда ұзақ жыл жемісті жұмыс жасап, «Ленин» кеңшарының директоры болған елдің халқы қатты құрметтеп, қадірлейтін дархан мінезді, халықшыл, қоғамшыл Асекеңнің бауыры Аяған Сералиев басқарды. Ал сол Аяған ағай мен Тәтия жеңгеміз біз Данагүл екеуміздің қамқоршымыз, ағалық, апалық ақыл-кеңестерін беретін, бірге туғандай болып сыйласқанымызды сағынышпен еске аламын. Олардың бізге жасаған жақсылықтарын Данагүл екеуміз жыр қып айтып отырамыз. Себебі, біз лоардың қамқоршылығын көргенімізді жасыра алмаймыз.
"Жақсы әйел–жеңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас" дейді ұлт ұлағатыында. Асанған ағамыздың көпке сыйлы, қадірменді ақсақал болуы өмірлік жарыҚуаныштың шынайы сезімі мен көпшіл мінезінде деп білемін.
Асекең екеуміз Қызылорда мемлекеттік Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында қатар оқыдық. Жас айырмашылығымыз алшақтау болғанымен, сырлас, сыйластық арамыздан үзілген емес. Ол кісі мектепте, мен комсомол, партия жұмыстарында жүргенде көңіліміз бір, кездесуіміздің көп,  сырласуымыз мол болған уақыттардың, көбірек бірге өткізген күндердің көп болғаны жасырын емес. Жалпы әр адамға абырой мен бедел оңайлықпен жиналмайды, дүйім жұрттың сенімінен шығу да оңай шаруа емес, қалың жұрт аузына екінің бірі іліне бермейді. Мен білетін Асекең жайында жақсы пікір, жылы лебіз қалыптасқанына өзім куә екенімді жасыра алмаймын. Ол жұмыс бабында қандай бір кісімен сөйлеспесін оларды жылы шыраймен қабылдап, өтінішін мұхият тыңдап, жас ұстаздарға қамқорлықпен қарап, оларды шәкірт қолына алғаш қалам ұстатқан ұстаздай етіп тәрбиелеген деп білген өте маңызды.
Асанхан аға отбасында да бақытқа кенелген жан болды. Құдай қосқан қосағы Қуаныш-көп жылдар ұстаздық жұмысын мінсіз атқарып, қазір зейнет демалысында. Бүгінде Асекеңнің артында қалған  Қуаныш ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, олардан немерелер сүйіп отыр.
Міне, елін сүйген, туған халқы үшін өмір сүрген ұлағатты ұстаздың еңбектегі жетістіктері оның арының тазалығы мен кәсібіне деген адалдығында, перзенттік сүйіспеншілігінде деп білеміз.
Асекеңнің қазасына жиналғандардың қарасы көп болды. Бұл да атпал азаматқа жасалған құрмет,-деп түсінеміз.
Н.САЛЫҚОВ,
Қармақшы ауданының құрметті азаматы.
29 желтоқсан 2017 ж. 1 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031