» » » БАҚЫТТЫ БОЛУДЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

БАҚЫТТЫ БОЛУДЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

Бақытты болуды әркім әр түрлі түсінеді. Ол әр адамның ұғымында әр түрлі қалыптасады. Негізінде адам баласы ұсақ нәрселерге  де қуана білсе, соның өзі кішігірім бақыт болып табылады. Мысалы, мектеп оқушысы 5-тік бағаны алу үшін барын салып, күні-түні мұғалім берген сабақты жалықпастан оқиды. Ол өз мақсатына жеткен сәтте, үлкен қуанышқаие болады. Осының өзі ол үшін бақыт.
Біз әдетте, бақыт деген нәрсені қолмен ұстап, көзбен көруге талпынамыз. Бақыт біз үшін зат секілді көрінетіні жасырын емес. Көп жағдайда адамдар оны алыстан іздейді. Менің ойымша, бақытты болу үшін ең алдымен өзіңді жақсы көріп, екіншіден айналаңдағы адамдарды да дәл өзіңдей жақсы көру қажет. Сол кезде сенің бағың еселеніп, ісің алға басады. Адам өзін жақсы көру арқылы өмірге деген көзқарасы оң бола бастайды. Әдетте, біз көп жағдайда өзімізге көңіліміз толмайды. Ойымыздағы нәрсе орындалғанымен, іштей бірдеңе жетіспей тұрғандай болады. Бұл дегеніміз – өзімізді жақсы көрмеуден туындаған нәрсе болып табылады. Ал егер, біз өзіміздің тағдырымызға риза болсақ ғана, діттеген мақсатымызға жететініміз анық. Екіншіден, айналадағы адамдарды дәл өзімізден кем көрмеу. Олардың қол жеткізген жетістікеріне өзіміздің жетістігіміз секілді қуана білу керек. Біреудің қуанышына қуана білудің өзі үлкен өнер. Сол өнерді біз міндетті түрде дамытып отыруымыз қажет. Орта жолда тоқтап қалмаған абзал.
Бақытты болудың тағы бір сыры – өмірдің әрбір сәтінен тек қуанышты көре білу. Тағдырыңа разы болу. Соған мойынұсыну. Егер де... бұлай болғанда, алайда... дегенмен... сынды адамды артқа шегіндіріп, өкіндіретін сөздердің бәрін ойдан сызып алып тастау қажет. Жүректен де  мүлдем өшіріп тастаған абзал. Алдыңа нақты мақсат қойып, соған қалайда, жету жолына талпыну қажет. Нақты мақсат ол тек жоспар құрумен ғана болады. Оны ауызша айтып қоя салған жарамайды. Ойда жүрген нәрселерді қағаз бетіне түсіріп, ол біздің бойымызда нақты іс-әрекет жүзінде көрініс табуы тиіс. Сонда ғана біз өмірдің шынайы мәнін ұғынамыз. Қазіргі таңда, өзімізді дамытып отырудың сан түрлі әдістері бар. Ең бірінші, бойымыздағы бүкіл қорқынышымызды қағаз бетіне жазып, өртеп жіберу. Екінші, бойымыздағы жақсы қасиеттерді қағаз бетіне жазып, оны күніне таңертең оянғанда, айнаға қарап тұрып, жиі қайталау. Үшінші,  өзімізге деген сенімділікті қалыптастыру. Төртінші, алдымызға нақты мақсат қойып, жоспарды блокнотқа реттілікпен жазып отыруымыз  қажет. Бесіншіден, нақты нәтижеге жетпейінше, өзімізбен жұмыс жасау. Осы аталған бес қағиданы бойымызға дарытатын болсақ, өмірде бізден асқан бақытты жан болмайтыны белгілі.
Айжан ТОҚШЫЛЫҚОВА.
27 желтоқсан 2017 ж. 4 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 009

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031