» » АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫН ІЗДЕ

АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫН ІЗДЕ

Қыстан кейінгі өтпелі уақыт денсаулық үшін өте қауіпті. Алдамшы ауа-райы, жылымық күн – жаңа ауру толқынының бастамасы. Осы кезде тұмаудан сақтанып, өзіңізді өзіңіз күтуге тырысыңыз. Қыста ағзамыз күннің көзі жетіспеушілігінен, дәрумендер тапшылығы әсерінен әлсіріп, ауыспалы ауа райынан тұмауға төтеп бере алмай қаламыз. Осы кезде ауамен таралатын вирустар ерекше «қатал» болады. Жыл сайын кем дегенде бір рет шалдығатын аурудан сақтану не оны жеңіл өткеру үшін, денсаулығымызға салғырт қарамай, қажетті күтім көрсетейік.
Күн суығанда ауа-райына қарап киініңіз. Қазіргідей өтпелі кезеңде мойныңызға орамал тағыңыз. Жылы күндердің өзінде қол сөмкеңізде мойын орағышыңыздың болғаны абзал. Бірінші тоңып, суық өткізетін – аяқ. Сол себепті аяғыңызды жылы ұстап, етігіңізге ұлтарақ салып жүріңіз. Етігіңіз керемет сапалы болып жатса да, ұлтарақ артық етпейді. Дәл сол сияқты далада қар жаумаса да, қолғап киіп жүргеніңіз абзал. Аяқ-қолы жылы жүрген адамға суық тимейді.Таңертең және кешкісін күн қатты аяз болуы мүмкін. Біздің далада жүретініміз де осы шақ, сондықтан күнделікті бас киім киіп жүріңіз. Ерекше қалпақтарға қарағанда, қарапайым, қалыңдығы орташа, бастысы құлақты жабатын бас киім киген жөн.
Қазіргі күні де ауданымызда көктем басталмай-ақ құбылмалы ауа-райы әсерінен көптеген науқас ауруханаға келіп түсуде. Олардың саны қаңтар- ақпан айлары бойынша 167 адамға жетті. Барлығына бірдей ем-шара жасадық. Асқындырып алғандары да көп, олар қазіргі күні аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Тұмаумен ойнауға болмайды. Біз әдетте тұмауға жеңіл-желпі қарай саламыз. Кейде асқынған тұмау тыныс жолдары ауруын, жүрек ауруларын тудыруы мүмкін. Оның алдын алып емдемесе, соңы өкінішке апаруы мүмкін.
Өз денсаулығымыздың қожайыны – өзіміз, сондықтан барынша жылы жүруге тырысайық. «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» дейді халқымыз. Олай болса ауырмай-ақ білгенге не жетсін?
Мөлдір Бержанова,
облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Қармақшы ауданы
филиалының маманы.
22 ақпан 2018 ж. 2 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031