» » Тұмаудан қалай сақтануға болады?

Тұмаудан қалай сақтануға болады?

Күн суытып, қыс басталысымен тұмаудың да басы көрінеді. Жалпы, тұмау адамның жасы  мен жынысын талғамастан, бәріне бірдей жұғатын – вирустық инфекция. Суықтағанда мұрындағы әртүрлі микробтар мен вирустар асқынып, мұрынның бітуіне, жүрек айнуына әкеледі. Ол – ринит пен бронхтың  алғашқы белгілері. Егер асқынып кетсе, ол жедел респираторлы вирустық инфекциялар немесе ЖРВИ  айналады. Бүгінде ЖРВИ – ең кең таралған аурудың бірі. Онымен барлығы дерлік ауырады деуге болады. Тек  жазда азырақ болса, қыста көбірек шалдығады. 
Негізі ЖРВИ және тұмауды туғызатын вирустар мұрын мен тамақтан бастап, өкпеге дейін барлық кеңістіктегі эпителийлі жасушаларды зақымдайды. Бұл вирустың түрі көп. Ең көп таралғаны – тұмау, бізге «беймә­лім» түрлері – парагрипп, адено­вирус, риновирус, реовирус және басқалары. Вирус сыртқы ортада тезірек өледі, алайда адамнан адамға ауа арқылы тез таралады. Аурудың алғашқы күндерінде-ақ адамға тез жұғады. Жөтеліп не түшкіргендегі түкірік пен сілекей арқылы сыртқы ортаға вирус бөлінеді. 5 күн ауырғаннан кейін сырқаттың көпшілігі жұқпалы емес болады. Сондықтан да вирус­тың инкубациялық кезеңі – 12-16 сағат.
ЖРВИ мен тұмаудың белгілері баршаға аян. Себебі, бұл аурумен ауырмаған бірде-бір адам жоқ. Алғашқы белгілері – ағза әлсірейді де, дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітуі және жөтел сияқты белгілер пайда болады. Тұмау туралы сөз болғанда мынаған назар аударған дұрыс: ғалымдар оның А, В және С сияқ­ты үш түрін бөліп қарастырады. Ең басты ерекшеліктері – олардың түрлену қабілетінде. Мысалыға, С вирусы – қалғандарына қарағанда анағұрлым тұрақты. Бұл вируспен бір рет ауырған адамда оған қарсы иммунитет пайда болады. Сон­дық­тан вирустың көп түріне қара­мастан, көп жағдайда С вирусымен ересектер емес, балалар ауырады. В вирусы аз болса да түрленуімен өзгешеле­неді. Негізінен, В вирусы­­мен балалар ауырады. А виру­сы – тұмаудың ең қатерлі түрі. Себебі, ол қайта-қайта түрленіп, әртүрлі эпидемия туғызады.
Тұмаудың қалай алдын алуға болады?
* Ағзаның жүйелі шынығуы қажет;
* Тұмауға қарсы алдын алу шарасы – ағзаға жұқпалы агенттің аз ғана бөлігін егу иммунизациясы;
* Медицина маскаларын неме­се мақталы дәке бетпердесін тағу;
* Әрбір 2 сағат сайын мұрынға оксолин жақпа майын жағу;
* Адам көп жүретін жерге баруды шектеу (кинотеатрлар, театрлар, супермаркеттер, вокзал, бала­бақша, мектеп және тағы басқа);
* Жеке тазалықты сақтау, қол­ды жиі жуу;
* Үй-жайдың, ғимараттардың желдетілуі;
* ЖРВИ мен тұмаудың алғаш­қы профилактикасы үшін дәрі қобдишасының болуы (термо­метр, бетперде, аскорбин қыш­қылы, оксолин майы, мұрынға тамы­затын тұзды ерітінділер және т.б.);
* Қосымша ретінде аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді қабылдау арқылы ағзаның қорға­ныш қабілетін арттыру керек. С дәруменінің көп мөлшері орам­жа­пы­рақ, мүкжидек, лимон, киви, ман­дарин, апельсин және грейп­фрут­тар құрамында жинақталған;
* Эпидемия кезінде күнделікті бір-екі тал сарымсақ жеу керек. Бактерияларды өлтіру үшін ауыз қуысын сарымсақ қосылған сумен шайған дұрыс. Мұндай жағымды әсерді пияз да береді.
* Тұмау кезінде мұрын қуысын күніне екі рет сабындап шаю ке­рек. Осылайша, мұрынға ауамен бір­ге кіретін микробтарды өлтіру­ге болады.
* Дәрігер жазып берген дәрі­лер­ден басқа, итмұрын қайнат­пасы, бүлдірген мен бал қосылған шай, жөке қосылған шай сияқты дәмді «дәрі-дәрмектерді» қабыл­дау керек.
Егер де ауырып қалсаңыз, жарық және желдетілген бөлмеде жатқан дұрыс. Бастысы, науқас суықтап қалмау керек. Керісінше, оны жылы орап, аяғына грелка қойып, ыстық сусын (сүт, лимон қосылған тәтті ыстық шай), ішетін тамағы калориялы, әртүрлі, вита­мин­дерге бай болғаны жөн. Сонда ғана тұмау вирусы қыз­дыр­ғанда, дезинфекция­ла­ғанда жойы­лады. Тұмаудың негізгі қауіп­тілігі – тұмаудан кейінгі асқынулардың дамуы қауіпті: өкпе қабынуы (пневмония), құлақ қабынуы (отит), ми қабығының қабынуы (менингит) және т.б.

07 ақпан 2018 ж. 3 079 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031