» » БОТУЛИЗМ АУРУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

БОТУЛИЗМ АУРУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

 
  
«Қыстың қамын жазда ойла» демекші әйел кісілердің баршасы дерлік жаз, күзгі мезгілде тұрмыстық жағдайда көкөністерден, жеміс-жидектерден салаттар, тұздықтар жасап, күз, қыс мезгілдерінде отбасыларында және қонақтарға ұсынады.
Ботулизм (латынша botulus- шұжық) - жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық ауру түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин -органикалық улардың ең күштілерінің бірі, адам үшін өлтіретін мөлшері болып 0,035 мг токсин саналады. Токсин физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімді, оны 10-20 минут қайнатқанда бұзылады, ол натрий хлориді концентрациясы көп ортада жақсы сақталады. Ботулизмнің қоздырғышы адамның, жануарлардың, балықтардың ішек жолдарында, топырақта, көңде, жеміс-жидекте, жем-шөпте, мал азықтарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм ауруының 90%-ы тұрмыстық жағдайында дайындалған саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс, ет, балық консервілерін және тұздалған, ысталған балық, шұжықта, сүрленген шошқа етін пайдаланғаннан болады, яғни технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда орын алады. Консервіленген тағамда CI.botulinum микроорганизмі өсіп, жетілген кезде банкінің беті мен түбі ісінеді, осының салдарынан қақпағы көтеріледі, оны бомбаж дейді.
Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды: науқас адамның басы ауырып, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, ауызы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады, неврологиялық белгілер (көздің қарашығы ұлғайып, алдында тұрған зат қосарланып көрінеді, науқастың жұтынуы қиындап, бірте-бірте дауысынан айрылады (афония)).
Ботулизм ауруының алдын –алу жолдары:
- санитариялық тазалықты сақтау, тамақ өнімдерін консервілеуде технологиялық процесті қатаң сақтау, консервіленген өнімдерді сақталуын қадағалау, жылы, ыстық орындарда сақтамау;
- сауда обьектілерінен үй жағдайында дайындалған консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алмау;
- консервіленген өнімдерді пайдалану алдында қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж және «бұлыңғыр» түрдегі өнімдерді пайдаланбау.
Құрметті оқырман!
Егер науқасқа уақытылы дәрігерлік көмек көрсетілмесе, аз уақытта өлімге алып келеді. Қолдағы бар левомицитин немесе басқа дәрілерді ішіп, үй жағдайында емделуге болмайды, емі тек ботулотоксинге қарсы сарысудың уақытылы егілуі.
Сонымен қатар, егер ботулизм ауруы қоғамдық тамақтандыру немесе сауда обьектілерімен байланысты орын алса уәкілетті органмен қылмыстық іс қозғалады. Ал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабы 2-ші тармағына сәйкес адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса –
қызметтi тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз АЕК мөлшерінде айыппұл салынатындығын назарларыңызға жеткіземіз.
Әлия СМАЙЛОВА,
Қармақшы ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық-гигиеналық және техникалық регламенттерін сақталуын қадағалау бөлімінің бас маманы.
02 ақпан 2018 ж. 8 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031