Конституция
» » Үстел теннисінен жаттықтыратын робот пайда болды

Үстел теннисінен жаттықтыратын робот пайда болды

Үстел теннисін ойнауды жаны қалайтындар үшін жағымды жаңалық.
Лас-Вегас қаласында өткен Тұрмыстық электроникаға арналған халықаралық көрмеде ойынның бұл түрін жетік меңгерген құлтемір таныстырылды. Аппарат пинг-понгтың қыр-сырын біліп қана қоймай, қарсыласын жаттықтыра алады. Роботқа Форфеус деген атау берілген. Құрастырушылардың айтуынша, ол ракеткамен секундына 80 рет соққы жасай алады. Оған қоса жасанды түйсіктің көмегімен қарсыласының қай бұрышқа соққы бағыттайтынын бақылайды.
Айта кетейік, Тұрмыстық электроникаға арналған халықаралық көрме Лас-Вегаста 1967 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Кит Керстен, маркетинг бойынша менеджер:
– Ойын барысында робот қарсыласының деңгейін анықтай алады. Осының арқасында, егер шеберлігің төмен болса, соған сай ойын өрнегін көсетеді. Шеберлігің шыңдалған сайын ол да жылдамдығын арттыра түседі. Осылайша спортшының деңгейі жоғарылайды.
16 қаңтар 2018 ж. 1 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031