Конституция
» » АЗАМАТТАРҒА АЙТАР АЛҒЫС КӨП

АЗАМАТТАРҒА АЙТАР АЛҒЫС КӨП


Өткен жыл ауданымыз үшін толағай табыстарға, мейірім-шапағатқа толы болуымен есте қалды. Жаңа жыл қарсаңында аудандық жұмыспен қамту және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі, кент әкімшілігі мамандарынан комиссия құрылып, аудан тұрғындары арасында асыраушысынан айырылған, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың жағдайымен танысты. 25 отбасыға көмек ретінде азық-түлік пен 2 тоннадан көмір берілді. Қармақшы ата мешітінің бас имамы Асхат Бекболатұлы жетекшілігімен де 30-40 үйге азық-түлік пен көмір таратылып, халықтың алғысына бөленді. Қазақ қашанда жетім мен жесірін жылатпай, кемтар жандарға сүйеу болған, қолдан келген көмегін аямаған ел. Қара басының емес, халықтың қамын ойлар, жүрегі мейірімге толы, жомарт азаматтарымыз көп болсын дегім келеді. Жанашыр жандарға кент тұрғындары атынан алғаусыз алғыс айтып, еңбектеріне жеміс тілеймін.
Райкүл ТӨРЕБАЕВА, көше комитетінің төрайымы.
22 қаңтар 2018 ж. 1 733 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031