2018 жылдан бастап жол ережесіне қатысты айыппұл мөлшері қалай өзгерді?
9 қаңтардан бастап жол-көлік айыппұлдарының көлемін өзгерту туралы заң күшіне енді. Cондай-ақ 2018 жылдан бастап төменгі айлық есептік көрсеткіш мөлшері де (AEK) артты. Қазіргі уақытта 1 АЕК мөлшері 2405 теңгеге тең.
28 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңына қол қойды. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген ережелерге сәйкес, жол ережелерінің бұзылуына қатысты айыппұлдың 22 түрі азайтылды. Аталған заң бойынша айыппұл 7 күннің ішінде төленсе, 50%-дық жеңілдік жасау мүмкіндігі бұрынғыдай қалдырылды.
Айыппұлды бірнеше жолдармен төлеуге болады
Екінші деңгейлі банктердің кассалары немесе «Қазпочта» АҚ арқылы қолма-қол ақшамен төлесеңіз болады. Мұндай төлем нәтижесінде айыппұл туралы хабарлама ҚР Ішкі істер министрлігінің базасына бірден жіберіледі. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі 17 банк осы жүйеге қосылған.
Төлем жасар кезде, бюджеттік сыныптама кодын (БСК) дұрыс көрсету қажет. Егер қате кетсе, айыппұл жабылмаған болып есептеледі.
Қолма-қол ақшамен айыппұлды Kaspi терминалдарымен немесе QIWI кошелек арқылы да төлеуге болады.
Сондай-ақ, egov.kz порталына тіркеліп, банк картаңыз арқылы да айыппұлды төлеудің баламалы тәсілдері бар. Бұлардан бөлек, екінші деңгейдегі банктердің Интернет-сайттарында онлайн төлемдер бар: мысалы, Казком төлем карталарының иелері homebank.kz сайтында айыппұл төлей алады.
Пікір 1