» » Қазақстанда жүргізушілер үшін қандай айыппұл көлемі азаяды?

Қазақстанда жүргізушілер үшін қандай айыппұл көлемі азаяды?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Нұрсейіт Әбішев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Аталған заң жобасы жол ережесін бұзған жүргізушілер үшін айыппұлдарды төмендетуді көздейді.
«2017 жылы 28 желтоқсанда Елбасы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңына қол қойды. Заң ресми жарияланғаннан кейін, яғни 10 күннен соң күшіне енеді. Осы заңмен жол жүрісін бұзған жүргізушілер үшін қылмыс құрамының 22 түрі бойынша айыппұлдар санын азайту көзделеді», - деді ол.
Осы орайда Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы қандай құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдар төмендейтініне тоқталды.
«Қазіргі таңда мүгедектердің көлік қоятын орнына азамат өз көлігін қойса, оған 50 АЕК көлемінде яғни 120 мың теңге айыппұл салынады. Аталған заң бойынша бұл жазаны 10 АЕК-ке яғни 22 мың теңгеге азайту көзделіп отыр. Сонымен қатар мысалы жылдамдықты асырған жағдайда айыппұл мөлшері қазіргі таңда 10 АЕК болса, оны 5 АЕК-ке азайту қарастырылған», - деді ол.
Брифингте Нұрсейіт Әбішев кейбір құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілер үшін жазаның жеңілдегенін атап өтті.
«Ішкі істер органдарының қызметкерлері жүргізушілерді тоқтатып, оның заңды талабына бағынбаған көлік иелері бүгінде 1 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал аталған заң күшіне енсе, бұл жаза 6 айға дейін қысқарады. Жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жағдайда заң бойныша 1 жылға дейін мерзімде көлік иесі жүргізуші куәлігі мен көлікті басқару құқығынан айыру жазасы қолданылатын. Ал енді жүргізуші осы әрекеті үшін 30 АЕК көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлейді», - деді Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы.
Сонымен қатар Әбішевтің айтуынша, жүргізушілер 7 күннің ішінде айыппұлдарды төлесе, оларға 50% жеңілдік жасалады.




29 желтоқсан 2017 ж. 1 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930