» » Инсульттен сақтанудың жолдары қандай?

Инсульттен сақтанудың жолдары қандай?

Кейде адамның кәріп болмағы бір-ақ сәтте. Күні кеше жүзінде қаны ойнап, құлшынып жүрген адам аяқ астынан инсультке ұрынып, кенеттен көз жұмып, қайсыбірі қол арбаға қарап қалса, ішінара ауру құрығынан сытылып шығатындары да бар. Әрбір жазылып шыққан адам қоғамның олжасы, үй-іші, туған-туыстың қуанышы. Осы бір дерт неге қанат жая түсуде деген сауал мазалайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала зерттеулері бойынша, 2030 жылға қарай әлемде шамамен 23,6 миллион адамның жүрек-қан тамыры жүйесіндегі дерттерден, оның ішінде басым бөлігі жүрек аурулары мен инсульттен қайтыс болуы мүмкін екен. 
Қан қысымының үнемі жоғары болуы ин­су­льтқа апаратын жолдың бірі. Мамандар арте­ри­алдық гипертонияның жастар арасында өріс­теу­іне қатты алаңдаушылық білдіруде. «Арте­ри­­алдық гипертонияның өсуіне темекі шегу, ал­­когольді шамадан артық тұтыну, дененің ар­тық сал­мағы, аз қимылдау, күйзелістер тәрізді фак­тор­лар едәуір әсер етеді» – дейді дәрігерлер. 
Астана қаласындағы саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі Шың­ғыс Байкөбенов жыл сайын елімізде Дүние­жү­зілік инсультпен күрес күнінің шеңберінде бірқатар шаралар өткізілетінін, негізінде қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу үшін күш біріктіруде жұмыс берушілер, бизнес құрылымдары, жергілікті атқарушы орган­дар, ҮЕҰ және басқа да мүдделі ұйымдар мен жекелеген адамдардың өз денсаулығына жүр­дім-бардым қарамауының маңыздылығын ал­ға тартады. Адамдардың денсаулығына зиян ти­гі­зетін әдеттерден арылуы, сонымен қатар ин­сульттің алғашқы белгілері білінгенде дұрыс жә­не дер уақытында алғашқы көмек көрсетудің ма­ңызы туралы жұртшылықтың хабардар болуына басты мән береді. Шы­нымен біз жазатайым әріптесімізде неме­се туысымызда инсу­льт бел­гісі білінсе не іс­теу­і­міз керек? Ин­су­льт­тiң бастапқы негiзгi бел­гi­лерi қандай, ол тура­лы нақ­ты не білеміз?
Инсульттiң бас­тап­­қы негiзгi белгi­ле­рi қол, аяқ бұл­шық еттері жансыз­да­нып, сөз бұзылып, бас ауырып, жүрiс бұ­зы­­­лып, адамның есі­нен та­нуы мүмкін. Егер жа­қы­ныңызда осы бел­гi­лер байқалса оны еле­меу­­ге болмайды, дереу дә­рiгерге жү­гінген аб­з­ал. Дер ке­зінде көр­се­­тіл­­ген шұғыл ме­д­и­ци­на­лық көмектің әр са­ға­тының аса маңызды мәні болғандықтан инсульттiң пайда болуынан кейiн уақтылы емдеуін бастап және диагнозы дұрыс қойылған жағдайда инсульттің зардабын мейлінше азайтуға болады.
Ал бұзылған функцияларды қалпына келтiру үшін инсульттiң емдеуi кешендi болу қажет. Бұл бойынша дәрі-дәрмекпен қоса оперативті емдеу, әлеуметтік және физикалық оңалту атқарылып, емдеу барысында түрлi мамандар, невролог, нейрохирург, терапевт, кардиолог, хирург сонымен бiрге басқа мамандар, ЕДШК инструкторы, логопед, психолог, әлеуметтiк қызметкер қатысады. Ал ең негізгі мән берілуі тиіс дүние – адамдардың саламатты өмір салтын ұстануы.
 Шынында, аурудың алдын алған әлдеқайда тиімді, әрі қалтаға түсетін салмақ та азая түседі. Осы ретте елімізде Денсаулық сақтау министрлігі патологиядан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету мақсатында бірталай жұмыс атқаруда. Мәселен, жасы 40-тан асқан тұрғындарды скри­ни­нгтік зерттеулерден өткізудің маңызына тұр­ғындар жете мән бере бермейді. Ал соның ар­қа­сында өздері білмей жүрген қаншама артери­ал­ды гипертония ауруына шалдыққан пациенттер анықталған.
Соның нәтижесінде азаматтар қан қысымын бір қалыпта ұстайтын тегін дәрілермен қамтамасыз етілуде. Оған қоса осы аурудың диагностикасы мен емделуінде жоғары технологиялық әдістерді қолдану оң­тай­лы нә­ти­желерін бе­­руде. Мы­салы, Ас­танадағы Ұлт­тық ней­­ро­хирургия ор­та­лы­ғында ми аневриз­ма­сына шалдыққан па­­ци­­енттерді емдеуде жа­ңа технология ке­ңі­нен қолданылады, оның нә­ти­желері көңіл қу­ан­тар­лық дәрежеде. Со­ны­мен қатар еліміздің бар­­лық өңірінде кар­ди­о­­логиялық ор­талықтар, инс­ультқа шалдыққан нау­қастарға кешенді ем­деу шараларын ұй­ым­­дас­тыру үшін 40 инсульт орталығы ашылды. 
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

10 қаңтар 2018 ж. 1 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031