» » » ЖУРНАЛИСТ – АДАМ ЖАНЫНЫҢ ПСИХОЛОГІ

ЖУРНАЛИСТ – АДАМ ЖАНЫНЫҢ ПСИХОЛОГІ

Өзінің келешегі, болашақ мамандығы жөнінде ойланбайтын адам болмайтын шығар. Осы орайда Ұлы Абай ақынның:
«Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан» деген өлең жолдары есіме түседі. Адам баласы мамандық таңдаудан қателеспеу керек десек, кез келген адам өзінің қабілетіне қарай дұрыс мамандық таңдай білгені жөн. Мен де кім болатындығым туралы көп ойланамын. Ойлана келе шығармашылық әлемін өзіме жақын тартатындықтан журналистика мамандығын таңдағанды жөн көрдім.
...Өзінің ақындық мақсаты жөнінде Ұлы Абай:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-десе, Мұқағали Мақатаев:
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін немесе өлмек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,-дейді. Ал Жұмекен Нәжімеденов болса:
Бір бүйірде қызса деп ем өлеңім,
Бір ұйқасын бұзса деп ем өлеңім.
Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім,
Ақымақты ойландырсам деп едім,-деп жырлайды. Менің айтайын дегенім-қолына қалам ұстаған кез келген жанның ең бірінші мақсаты-қоғамды адам­гер­ші­лікке шақыру, бұқараға ой салу, халықты сөзбен тәрбиелеу. Бірақ, қазір қоғамның аз бөлігі ғана әдеби кітаптарды үнемі оқиды. Сондықтан бүгінгі күні халыққа әде­биет­тен гөрі журналистика ықпалдырақ. Сол себепті жу­рналистика біздің заманымызда әдебиеттің рөлін, қызметін атқаруы тиіс, яғни қалың бұқараны жақсылыққа шақыруы керек. Яки журналистер ойлы мақалалар жазуы қажет деп ойлаймын. Бұл ма­ман­дық­ты «адам жанының психологі» десек артық емес. Себебі, журналист бойында үнемі зерттеушілік, бақы­лаушылық, аңғарымпаздық, тағы басқа дағ­ды­лары болуы шарт. Біздің мектептің түлегі, газет тілшісі Гүлжанат Дүзенова ауылдың жақсы жаңа­лық­тарының жаршысы болып жүрген жан. №109 орта мектебінде қызмет еткен жылдары Гүлжанат әде­биетке бейімі бар оқушыларға үнемі көмектесіп, шы­ғармаларына ақыл-кеңесін берген еді. Бүгінде ол аудан айнасы «Қармақшы таңы» газетінде жауапаты хатшы болып қызмет етеді. Жақында Гүлжанат апайдың «Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын» ма­қа­­ласын оқып шықтым. Қазіргі таңдағы азайып бара жатқан қарапайым адами құндылықтар жөнінде үлкен тебіреніспен жазған екен. Шынымен де, кейде қи­налған адамға ештеңе бермесек те, тым болмаса жақ­сы, жылы сөзімізбен қолдау көрсетіп отырсақ-ол аса қиын емес қой.
Хазіреті Лұқпан Хакімнің «Ұлым, сөйлеген сөзің мен істеген ісің бір жерден шықсын» деген өсиеті бар.
...Әбу Ханифа әрбір жұма күні жұма намазынан соң Куфаның орталық мешітінде уағыз айтады екен. Бір күні бір құл келіп (ол кезде құлиеленушілік заманы): «Иман ағзам, келесі уағызыңызда құлға еркіндік берудің артықшылығы мен сауабы жөнінде әсерлі әңгіме айтыңызшы. Мүмкін, менің қожамның жүрегі жібіп, маған мейірімі түсіп, бостандық берер...» деп өтінім жасайды.
Әбу Ханифа келіседі. Бірақ келесі жұма күні уағызда ол мүлдем басқа бір тақырыпта әңгіме өрбітеді. Одан кейінгі жұма күні де осы жағдай қайталанады. Сөйтіп, екі апта бойы құлдың өтініші орындалмай қалады. Тек үшінші аптада ғана Әбу Ханифа құлға еркіндік берудің сауабы мен артықшылығы туралы жан тебірентер өте әсерлі уағыз айтады. Келесі күні өтініш жасаған құлдың қожайыны келіп: «Иман ағзам, куә болыңыз, Алла разылығы үшін құлымды босаттым» дейді. Әбу Ханифа оған Алла разылығын тілеп, батасын береді. Сонда жүрегі жарыла қуанып, Әбу Ханифаға мың да бір алғысын білдірген құл: «Неге өтінішімді екі апта өткеннен кейін ғана орындадыңыз»,-деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: «Екі апта бұрын менің ақшам бол­маған болатын. Екі апта бойы жұмыс істеп, ақша таптым. Кейін сол ақшаға құл сатып алып, оған азат­тық бердім де, жан рақаты мен жүректегі иман ләз­затын сезіндім. Өзім бір істі істемей тұрып, оны қалайша басқаға айтамын. Сондықтан да менің сөзім әсерлі болып, қожаң саған азаттық берді»-деген екен.
Қорыта айтқанда, жур­­на­лист сөзімен де, ісімен де көп­ке үлгі болуы керек.
Перизат БИЖАНОВА,
Ақтөбе ауылы.
05 қаңтар 2018 ж. 2 009 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 546

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 615

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031