» » » 2017 жылы Қазақстанда ең көп оқылған 18 кітап

2017 жылы Қазақстанда ең көп оқылған 18 кітап

«Меломан» кітап дүкені 2017 жылы жарық көрген және ең көп оқылған 18 отандық кітаптың тізімін жариялады. Танымал кітаптар тізіміне қарап, қазақстандық оқырмандардың автобиография мен естеліктерді сүйіп оқитынын байқауға болады. «Өткен жылдың басты кітабы – Баян Есентаеваның автобиографиясы болды. «Обо мне и не только» туындысы арқылы қазақстандық оқырмандар алғаш рет продюсер өміріндегі келеңсіз жайттың анық-қанығын білді. Кітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп, ең көп талқыланған және ең көп сатылған жинаққа айналды. Сондықтан да бұл кітап біздің тізімде көш бастады», – делінген «Меломан» кітап дүкенінің ресми сайтында. Екінші орында кинорежиссер, сценарист және жазушы Ермек Тұрсыновтың «Мелочи жизни» кітабы тұр. Бұл – Ермек Тұрсыновтың 16-шы кітабы және алғашқы автобиографиясы. Мұнда оқырман танымал режиссердің балалық шағынан бастап, режиссерлік кәсібіне дейінгі жолымен таныса алады. Жыл соңында Ермек Тұрсынов алғашы автобиографиясының жалғасын – «Жили-были» кітабын жарыққа шығарды. 2016 жылы 14-орында тұрған Абайдың «Қара сөздері» өткен жылы көбірек сатылып, үшінші қатарға көтерілген. Мұнда ұлы ақынның ұлттық тәрбие, дүниетаным, тарих мәселесі көтерілетін ғибратқа толы 45 қара сөзі жинақталған. Төртінші орында Мәдина Байболованың «Тұрмыстағы әйел кітабы» тұр. Мұнда автордың тұрмыстық өмірден түйген ойлары, отбасының беріктігін нығайтуға арналған ақыл-кеңестері жазылған және қазақстандық қыз-келіншектер бұл кітапты көптеп сатып алған. 2016 жылы кітап сатылымында көш бастаған Ләйлә Сұлтанқызының «Екінші кітабы»  биыл бесінші орынға сырғыған. Онда танымал тележүргізушінің жетістікке жету жолдары баяндалған. Алтыншы орында кәсіби журналист, Petroleum журналының бас редакторы Олег Червинскийдің «Чёрная кровь Казахстана. Нефтяная история Независимости» кітабы тұр. Кітапқа Тәуелсіз Қазақстандағы мұнай-газ саласының дамуы туралы қызықты деректер, мақалалар сериясы мен сұхбаттары енген. Жетінші орынға қазақстандық журналист Вадим Борейконың «Високосный.kz» кітабы, сегізінші орынға – кәсіпкер Серікбай Бисекеевтің «Табыс күнделігі» жайғасқан. Сонымен бірге, Мұстафа Шоқайдың биыл қайта басылып шыққан «Туркестан под властью Советов» кітабы да ең көп сатылған отандық кітаптар қатарынан көрінді. Бір кездері КСРО аумағында оқуға тыйым салынған бұл кітапта Мұстафа Шоқай кеңестік ресми құжаттарға, газет-журналдарға талдау жасап, Түркістандағы жағдайға, Октябрь революциясының салдарына әділ баға береді. Кітап 1935 жылы Парижде орыс тілінде жарық көрген алғашқы нұсқасы негізінде қайта басылды. Ең көп сатылған 18 қазақстандық кітап қатарына Инстаграмдағы танымал ана  Әсел Сапақованың «Говорим с детьми на казахском» (10 орын), Дана Орманбаеваның  «История успешного менеджера – «Ключи от кейса» (11 орын), Сейдахмет Құттықадамның «Служение нации: 10 мировых примеров управления государством» (12 орын), Сұлтан Әкімбековтың «История степей: феномен государства Чингисхана в истории Евразии» (13 орын), Тұрысбек Сәукетаевтың «Мен -жындымын» (14 орын), Ермек Тұрсыновтың тағы бір кітабы «Мәмлүк» (15 орын), Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» (16 орын), Зира Наурызбаеваның  «Четыре облака» (17 орын) және Герольд Бельгердің «Плетенье чепухи» (18 орын) күнделік-кітабы енді. «Меломан» – 1987 жылы Өскемен қаласында құрылған аудио және видеоөнімдер, кітаптар мен тұрмыстық электроника тауарларын сататын ірі дүкендер желісі. Бүгінде Меломан дүкенін Қазақстанның барлық өңірінен кезіктіруге болады.
 inform.kz
05 қаңтар 2018 ж. 2 530 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930