» » ЕСКЕРТУДІ ЕСКЕРІП ЖҮРСІЗ БЕ?

ЕСКЕРТУДІ ЕСКЕРІП ЖҮРСІЗ БЕ?

«28-30 қаңтар аралығында Қызыл­орда облысында 23-28 метрсекунд жылдам­дыққа дейін желдің ұйытқу қатері. Сақ болыңыздар!». 112 абонеттік нөмірінен  осындай хабарламалар күн сайын ұялы телефонымызға келіп түсуде. Бұл не үшін? Әрине қауіп­сіздігімізге сақ болуымызды қада­ғалау. Бірақ осы ескертулерді ескеріп жүрміз бе?
Рас, қаңтар айының соңғы апталары ауа райы күрт өзгеріп, қатты аяз орыналуы себебінен мектептерде сабақ тоқтатылды. Жеке көлікпен алыс аймақтарға  сапар
шегетіндерге де ойланған жөн. Қатты қажет болмаса дәл осындай суықтарда жолға шығуды жоспарламағанымыз абзал. 112 абоненті  еріккеннен қызмет көрсетіп жатқан жоқ. Әрбір адам ұялы телефонына түскен хабарламаға мән беріп, ескертуді ескерсе дәл осындай суықтарда төтенше жағдайлар орын алмас еді. 
Ауа райының құбылуы жөніндегі ақпарат жергілікті атқарушы органдармен тиісті мекемелерге таратылды. Автокөліктердің, әсіресе ауданаралық қозғалысын бақылауды күшейту сияқты ұсыныстар жасалды. Қолға алынған шаралардың арқасында аса айтарлықтай төтенше жағдай фактісі тіркелген жоқ.
Әзірге ауданаралық және қалааралық жолдар жабылмайды. Табиғаттың қандай мінез танытары белгісіз. Сондықтан ауа райы жайлы ақпаратты назардан тыс қалдырмай, сақтық шараларын ұмытпаған жөн,– дейді төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.
Жолға қосымша киім, азық-түлік, ыстық шайы бар термос ала шыққан артық болмайды. Төтенше жағдайға тап болған кезде 112 нөміріне хабар беру керек.
Ауа райы қатал мінез танытып тұрғанда жүргізушілер сақтық шараларын ұстана ма? Осы сұрақты автокөлік  рөлінде жүрген азаматтарға да қойдық.
Жолға шыққанда арқан, күрек алып шығамын. Ауа райын қадағалап отырамын. Адамдарды тасымалдаған соң үлкен жауапкершілік артылады. Сондықтан сақтық шараларын ұмытпаймын десе, енді бірі:
Жолға шыққан уақытта дәнекерлейтін лампа, күрек, жылы киімдер болу керек. Доңғалақта қыс мерзіміне сай болуы тиіс. Ауа райы құбылмалы болғанда жолға шықпауға тырысамын. Жолға шығар алдында көлікті жан-жақты тексеремін,-дейді.
«Күн жаманы өтер» деген. Аз уақыт шыдамдылық танытсақ қытымыр қыста жібір. Бастысы көңілдеріңіз тоңбасын.

Г.ӘМІРҚЫЗЫ.
30 қаңтар 2018 ж. 1 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031