» » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЯЗ САРЫШҰНАҚ АЯЗ ДҮЙІМ ЖҰРТТЫ ҚАЛАЙ БІРІКТІРДІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЯЗ САРЫШҰНАҚ АЯЗ ДҮЙІМ ЖҰРТТЫ ҚАЛАЙ БІРІКТІРДІ

Осы аптада еліміздің жеті облысы қатты аязбен бетпе-бет келді. Ауа райының қолайсыздығы автокөліктерді, әуе рейстерін, коммуналдық-шаруашылық қызметтерінің жұмысын тоқтатып тастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі
Аптаға созылған аяз оқушыларға кезектен тыс демалыс берді. 22 қаңтардан бастап Ақмола, Павлодар (-40 градусқа жеткен), Солтүстік Қазақстан (-30), Қостанай (-27) облыстарында сабақ тоқтатылды. Бет қаратпайтын үскірік Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының да оқушыларын да сабақтан «босатты».
Өкінішке қарай, дүйсенбі күні Ақмола облысында үсіктен көз жұмғандар туралы қаралы ақпарат келе бастады. Полицияның хабарлауынша, жан тапсырғандардың бәрі де ішімдік ішкен. Ал Қостанай облысында жігітімен сөзге келіп қалған бойжеткен кикілжіңге бола өмірімен қоштаса жаздады. Ол көліктен шығып кетіп, -28 градустық аязда басы ауған жаққа жүре берген. Ақыры, адасып кетіп, қатты тоңып қалса керек. Жігіт іздеуге шыққанымен өзі таба алмапты. Құтқарушылар әуежай жақта есінен танып құлап қалған бойжеткенді тауып алды. Бағына қарай, бойжеткен аман қалды.
Дәл осы күні Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Келлеровка ауылының 43 жастағы тұрғынын құтқарып қалды. Ол от жағылмаған үйде ұйықтап қалған. Тәртіп сақшылары жалғыз тұратын адамның есігін қағып шақыра алмай қойыпты. Ақыры, құқық қорғаушылардың есікті бұзып кіріп, жалғызілікті адамның жағдайын білуде басқа амалы қалмаған. Қатты суықтан диванда жатқан ер адам есін жинай алмай-ақ қойса керек. Жергілікті ауруханаға жеткізілген ол аман қалды. Оған даны ашыған полиция қызметкерлері оған қыстық етік пен тамақ сатып әперді. 
СҚО, Қостанай облыстарында ТЖ департаменттерінің жедел штабтары құрылды. Мұндағы мақсат - құтқарушылардың жұмысын үйлестіру білу. Облыстарда жолдар жабылды. Өскеменде аяздың салдарынан бірқатар автобустар жолға шығудан қалды. Тасымалдаушылар Новсібір, Павлодар мен Семей бағытындағы автобус рейстерін тоқтатты. Қазақстанның барлық облыстарының түкпір-түкпірінде Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстан мен Ресейден келген жолаушылардың құтқарылғаны туралы ақпарат келіп жатты. Бір қуанарлығы, ешқайсысында қайғылы жағдай тіркелмеген. Тас  жолға жақын елді мекендерде жылыну пунктері ашылып жатты. Жалпы, бұл жолғы аяз Астана мен Қазақстанның өзге өңірлерінің халқын қытымыр қыстың мінезіне қарсы біріктіріп жіберді десе де болады . Аялдамаларда еріктілер ыстық шай беріп, жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмектесті.  Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс берушілерге қызметкерлерін көп ұстамауға шақырды. Астанадағы әуежай мен вокзалдарында тұрақ қызметі уақытша тегін болды. Мешіттер тегін такси қызметін ұсынды. Жасаған жақсылық жауапсыз қалған жоқ. Мәселен, Өскеменнің әкімі аязды күндері айналасындағы жұртқа мейірімділік танытып жүрген автокөлік иелеріне 50 литр бензиннен таратып берді. Бірақ, аязды күндері қалтаны қампайтуды ойлағандар да табылды. Мәселен, автокөліктерді жылыту бағасы 5 мыңнан 20 мыңға күрт қымбаттап кетті.  Астаналықтар әлеуметтік желіде аталған қызметтің бағасы 30-дан 50 пайызға қымбаттап кеткенін жазып шағымданып жатты. Аптаның соңына қарай ахуал аз да болса жақсара бастады. Бәрінен бұрын балалар үшін сабақтың болмайтыны қуантқаны болмаса, дүйім жұрттың көбін аяздың әбігерге салғаны шындық. Десе де, алдағы бірнеше тәуліктен кейін Қазақстанда күн жылитын болды. Осылайша, Қазақстан 2018 жылдың ең аязды күндерін шығарып салғалы жатыр.

27 қаңтар 2018 ж. 1 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031