» » Абзал жандардың еңбегі зор

Абзал жандардың еңбегі зор


Үйдегілер, яғни жолдасым, балам мен келінім ауруханада жатқан. Өзім 10 күннен астам үйде ауырып жүрдім. Асқа тәбетім болмай, шайдан басқа ештеңе ішпей жүрдім. Содан әлсіреу басталды. Аяқ-қолым ұйып ауырып, тынысым да тарыла берді. Амалсыздан жедел жәрдемге жүгінуге мәжбүр болдым.
Арада 5 минут өткен соң арнайы көлік үйге келіп жетті. Екі медицина маманы келіп алғашқы көмек көрсетті де, инфекциялық бөлімдегі жансақтау бөліміне жатқызды. Ол жерде жансақтау бөлімінің меңгерушісі Әділбек Мәліков, терапевтер Динара Жүсіпова, Алтынай Жүсіпова мен Наурыз Қозанов, медбикелер тыным таппай көмек көрсетті. Білікті мамандардың арқасында 4-5 сағат ішінде денсаулығымды қалпына келтіріп, палатаға ауыстырды. Бас дәрігер Бақытжан Сағилатұлы да бөлімде емделіп жатқан науқастардың жағдайын сұрап-біліп жүрді. Емханада жатқандардың жағдайларын жасау үшін мебдикелер мен кіші аяжандар да аянбай қызмет етті.
Осы уақытқа дейін ақ халатты абзал жандардың еңбегі елеусіз қалып жүргені рас. Ал осындай қысылтаяң кезде олар өздерінің денсаулығына қарамастан, ауырғандардың денсаулығы үшін күресіп келеді. Оның ішінде өздеріне қауіп төніп тұрғанын білсе де, антына адал болып жүрген дәрігерлер де бар. Күндіз-түні аурумен күресіп жатқан дәрігерлер бүгіннің нағыз батырлары.
Бақытжан Нысанбаев басқаратын аурухана ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Бірінші Алла, екінші осы кісілердің арқасында ауыр індетті жеңіп шықтым. Олар қызмет барысында ем-домнан бөлек, психологиялық тұрғыдан зор көмек көрсетіп, өмірге деген құлшынысымызды арттырды. Бүгінде отбасымыз түгелдей жазылып, үйімізге аман-есен оралдық.
Бұл сынақтан да аман-есен өтерімізге сенім мол. Қиындықтан кейін жақсы күндер келетініне сенейік. Бастысы – ауруды жеңетінімізге сенімді болайық. Ал дәрігерлерге індетпен күрес жолында шексіз күш-қуат берсін!
Тамара ЕШМАНОВА,
зейнеткер
28 шілде 2020 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031